È

«Қазақфильмде» атақты ақын Мұқағали Мақатаев туралы фильмінің түсірілімі басталды

«Қазақфильмде» атақты ақын Мұқағали Мақатаев туралы фильмінің түсірілімі басталды

«Қазақфильмде» атақты ақын Мұқағали Мақатаев туралы «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Фильмнің режиссері танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде.

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында»,- дейді фильмнің режиссері Болат Қалымбетов. Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмде көрермен Мұқағали Мақатаевтың есейген кезін, Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақыттын көре алады.

Фильмнің сценарий авторылары ретінде Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов, Ғазиз Насыров, қоюшы-операторы Едіге Несіпбеков, қоюшы -суретші Ермек Өтегенов, композиторы Никита Карев, продюсері Алмат Масалим жұмыс атқарады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер