È

Нұр-сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді

Нұр-сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді

2019 жылдың 30 маусым мен 06 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді. Кинофорумның ұйымдастырушысы "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" болып табылады.

Фестивальдің президенті - белгілі кинорежиссер, жазушы, ҚР Кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов.

Фестивальдің ашылу салтанаты 30 маусым күні "Қазақстан" орталық концерт залында, көрсетілімдер Chaplin Khan Shatyr және ТРЦ "Хан Шатыр" кинотеатрларында өтеді.

"Еуразия - 2019" негізгі байқауына Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Филиппин, Израиль, Украина, Австралия картиналары енді. Қысқаметражды фильмдер байқауына Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Беларусь, Иран, Өзбекстан, Жапония және тағы басқа елдер қатысады. Сонымен бірге, екі байқауға да отандық туындылар ұсынылған.

Фестивальдің конкурстан тыс бағдарламалары да бар: "Объектив", "Ерекше оқиға", "NETPAC таңдауы", сондай - ақ, "Еуразия жүрегінен" - отандық әр түрлі жанрда түсірілген он картина ұсынатын бағдарлама.

Фестивальдің жабылу салтанаты 6 шілдеде "Қазақстан" Орталық концерттік залында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Еуразия" - FIAF (халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы Федерациясы) регламентіне сәйкес жұмыс істейтін жалғыз қазақстандық кинофестиваль.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер