Baiqonyr ISFF: Халықаралық байқаудың қатысушылары анықталды
Baiqonyr International Short Film Festival-дің іріктеу комиссиясы халықаралық байқаудың қатысушыларын анықтады. ТМД елдері қатысушыларына өтінімдерді қабылдау 1 тамызда аяқталды.
Халықаралық байқауға 80 өтінім келіп түсті. Іріктеуді кинотанушылар - Ержан Жұмабеков, Бекжан Байгенжеев және режиссер Олжас Исаев жүргізді.
Сонымен, кинофестивальде келесі фильмдер жеңіс үшін күреседі:
«Изгородь» - Кулунаков Михаил (Алтай Республикасы);
«Франка» - Митрий Семёнов-Алейников (Беларусь);
«Прощай» - Караш Жанышов (Қырғызстан);
The 6.45 Train – Гусейн Гасанов, Ибрахим Тагиев (Әзірбайжан);
«Моль» - Алексей Френкель (Ресей Федерациясы);
«51+» - Данияр Абиров (Қырғызстан);
«Меня зовут Петя» - Дарья Биневская (Ресей Федерациясы);
«Видеорегистратор» - Сара Кнар (Қазақстан);
«Падай» - Рудольф Хайнуров (Татарстан);
«Снег» - Арен Малакян (Армения);
Last dance - Аброр Самугжанов (Өзбекстан).
«Халықаралық байқауға қатысуға өтінімдердің басым көпшілігі Ресейден келді. Ресей мен Қырғызстан фильмдерінің деңгейі қуантты. Сондықтан, осы елдерден байқауға екі фильмнен қабылданды», - деді, фестивальдің бағдарлама директоры Ержан Жұмабеков.
Ұлттық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 15 тамызға дейін жалғасады.
Baiqonyr ISFF 2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры қолдауымен Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.
Бас серіктес - Kinoplexx Theaters. Алтын серіктес - Visit Almaty және Алматы қаласының Туризм басқармасы. Пошта қызметі бойынша серіктес - Kazpost. Фестиваль ұйымдастырушысы - «Бродвей» кинопорталы.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін