È

Baiqonyr ISFF: «Дебют» байқаудан тыс бағдарламасы

Baiqonyr ISFF: «Дебют» байқаудан тыс бағдарламасы

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің байқаудан тыс бағдарламасында «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде түсірілген үш қысқаметрлі фильмнің тұсау кесері өтеді.

«Пайдасыз жаратылыстар» қысқаметрінің режиссері - Жәнібек Мұртазин. Сюжет шығармашылық топтың жаңа фильм идеясының пайда болуы төңірегінде құралған. Сценарий авторлары Жәнібек Мұртазин және Бауыржан Молдашбаев.

«Жұлдыздар» фильмінің режиссері - Бексұлтан Ануаров. Бұл оқиға әйелі өмірден озған соң өз қалпына келе алмаған әке мен қызы жәйлі. Әкесі ауыр қазанының орнын ішімдікпен баса отырып, қызын азапқа салғанын түсінбейді. Алайда, ол аққан жұлдызды аулап, арманын айтса, әкесінің қайта оралатынына сенеді. Фильмнің сценариін жазған Асқар Абдуллаев.

Рамазан Халиолла

«Домбыра» фильмінің режиссері - Рамазан Халиолла. Фильмнің сюжеті ауылда тұратын, ұлттық аспап - домбыраны үйрене бастаған 8 жасар бала жәйлі. Сценарий авторлары - Рамазан Халиолла және Жанат Жайлыбай.

«Дебют» байқаудан тыс бағдарламасын қазақ киносының мэтрі Дәрежан Өмірбаев таныстырады.

Биылғы жылы Baiqonyr ISFF 2019 жылы 4-8 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры қолдауымен Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.

Бас серіктес - Kinoplexx Theaters. Алтын серіктес - Visit Almaty және Алматы қаласының Туризм басқармасы. Пошта қызметі бойынша серіктес - Kazpost. Фестиваль ұйымдастырушысы - «Бродвей» кинопорталы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер