È

«Хикаялар керуені»: Netflix-ке арналған үш батыл қыз туралы анимациялық сериал

«Хикаялар керуені»: Netflix-ке арналған үш батыл қыз туралы анимациялық сериал

«Ырысы Ақ Қазақстан» компаниясы Қазақстан анимациялық кино қауымдастығының президенті, қоюшы-суретші Ғали Мырзашевпен бірге «Хикаялар керуені» атты мультипликациялық сериалды шығаруға әзірленуде. Жобаның бас продюсері Ескендір Рысаков.

Бұл Жібек жолы бойымен керуенде саяхаттайтын үш қыз бен айдаһар-ата туралы қызықты қиял-ғажайып оқиға. Бұл әлемде таңқаларлық дүние көп - заманауи технологиялар мен сиқыр, интернет пен ұлттық дәстүрлер де бар. Сериалды жасаушылар кішкентай көрермендерге біздің ортақ үйіміз - Жер планетасы, оның нәзік әлемі мен экологиясы үшін жауапкершіліктің маңыздылығын жеткізгісі келеді.

Оқиға ортасында үш батыл, еркеше мінезді, ешкімге ұқсамйтын кішкентай қыздар:

Айша - егерде қарапайым адам батарейканы қуаттандыруға шамасы жетсе, сегіз жасар Айша бір үлкен қалашықты жарықпен қамтамасыз етуге күші жетеді, алайда бұл энергияны толықтыру үшін оған сол қалашықтың көлеміндегі қорек керек. Айша көп тамақ ішеді, кез келген тағам, жеуге жарымды және жарамсыз. Жылуға толы кішкентай жүрегінде әрбір жақсы-жаман адамға орын бар. Дегенмен ақкөңіл балалықтың да құны қымбат.

Анэт – ол жайлы данышпан деп айтсақ, тек жанап өтеміз. Тоғыз жастағы Анэт біздің ғажайып әлемнің ең білімділерінің білімдісі. Оның ғылымға, дүниетанымға деген қызығушылығының жалынына тек ұяңдығы мен ұялшақтығы ғана төтеп бере алады. Дегенмен Анэт ұяңдықта да өзгелерге қарағанда ерекшеленеді.

Самира - секілді қыздарға қарап, ұл болып жаралғанда дәл болар еді деп ойлауға болады. Он жасқа толған Самира кез келген тәжірибелі жауынгерге мықты тойтарыс беруге шамасы жетеді, ал жұмсақ, сезімтал жан дүниесін сарказм мен өзімшілдікпен бетперделеп, нағыз қайсар батыр екенін дәлелдеу үшін, сөзжетпес әсем келбетін әдейі тартымсыз шаш үлгісі мен қарапайым киім артында жасырады.

Жобаны дайындауға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдау көрсетуде.

«Бұл үш қыз бен олардың тәлімгер атасы туралы қиял-ғажайып оқиға. Сериалдың астарында жасырын сабақ бар - қазақ дәстүрлерін қалай сақтау, қоғамда өзін дұрыс ұстау және бізге мұра болып қалған нәрсені қорғау. Қазір біз сценарий жазуды аяқтап қалдық, жобаның соңғы стилін әзірлеп жатырмыз. «Караван историй» YouTube платформасында және стриминг-сервистерде орналастырылады деген жоспарымыз бар. Бұл мультфильмді Netflix компаниясына сату және олардың ресурстарында пайда болатын Қазақстанның алғашқы анимациялық сериялына айналу біздің өршіл жоспарымыздың бірі», - деді жобаның продюсері Мәди Қасымбала.

Сериал 20 минуттық 12 сериядан тұрады. Мультсериалдың тұсаукесері 2022 жылға жоспарланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер