È

VII Baiqonyr International Short Film Festival-нің ресми постері жарияланды

VII Baiqonyr International Short Film Festival-нің ресми постері жарияланды

VII Халықаралық Baiqonyr International Short Film Festival (BISFF) қысқаметражды кинофестивалінің ұйымдастырушылары фестивальдің ресми серіктесі – Rocket Firm (https://rocketfirm.com/qq/) компаниясы жасаған BISFF-2022-нің ресми постерін жариялады. Постер өткен жылдың жеңімпазы - Әсел Аушакимованың «Жолдас полицей» фильмінің негізінде жасалған.

Фильм полицияның имидждік акциясы туралы репортаж түсіруі тиіс қазақстандық журналист туралы баяндайды…

Картина өткен жылғы BISFF-тің басты жеңімпазы болды, онда ол «Үздік фильм және», «Үздік оператор» номинацияларын жеңіп алды. Сондай-ақ, фильм Германиядағы Film Festival Cottbus және Эстониядағы "POFF" Shorts Tallinn Black Nights Film Festival сияқты көптеген шетелдік фестивальдерге қатысып үлгерді.

«Байқоңыр» - мен қатысқан алғашқы отандық кинофестиваль. Алғаш рет, өздеріңіз білетіндей, есте қалады. Оның үстіне, мен мұндай тақырыптағы фильмді отандық фестиваль бағдарламасына алады деп күткен жоқпын. Бізде осындай кинофестивальдің бар екендігі қуантады. Ұйымдастырушыларға оны пандемия жағдайында өткізе алғандары үшін үлкен алғыс айтамын. "Байқоңыр" қатысушыларымен басқа да беделді кинофестивальдерде (Котбуста, Мәскеуде) жолықтым, бұл менің ойымша, BISFF қатысушыларының деңгейін көрсетеді», - деп атап өтті Аушакимова.

Фестиваль дәстүр бойынша қыркүйек айында өтеді. Фестивальдің нақты күні, сондай-ақ конкурстық бағдарламалар туралы ақпарат кейінірек жарияланады. Қатысуға өтінімдерді қабылдау 1 сәуірде басталады.

Біздің хабарламаларымызды жіберіп алмаңыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер