Халықаралық дебюттік көркем фильмдер байқауының қазылар алқасы
Биылғы жылы дебюттік толықметражды фильмдер жеке байқауға бөлініп, оған 4 фильм іріктелді. Жеңімпазды киносаласының 4 маманы енген қазылар алқасы анықтайды.
Қазылар алқасының төрағасы:
Гульбара Толомушова (Қырғызстан) – кинотанушы және киносыншы, FIPRESCI және NETPAC мүшесі. «УМУТ» кинофорумының бағдарламалық жетекшісі.
Қазылар алқасының мүшелері:
Гаджыбала Сеферов (Әзербайжан) – кинотанушы, киносыншы және сценарист, кино жайлы Film Aç YouTube арнасының авторы.
Андрей Апостолов (Ресей) – киносыншы, креативті продюсер, «Окно в Европу» және«Горький fest» кинофестивальдерінің бағдарламалық директоры.
Молдияр Ергебеков (Қазақстан) – киносыншы, PhD, Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ қауымдастырылған профессоры, «Сана» бағдарламасының жүргізушісі.
IX Baiqonyr кинофестивалі 3-8 қыркүйек аралығында Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді. Қатысушылар туралы толық ақпаратпен фестиваль сайтынан таныса аласыз.
Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.
Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтында және Instagram желісіндегі baiqonyrfimfestival парақшасынан бақылап отырыңыз
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін