KinoKultura журналының арнайы шығарылымының тұсаукесері «Қырғызстанның жаңа киносы»

BAIQONYR кинофестивалі аясында, дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қорының қолдауымен өтетін шарада, өнертану кандидаты, киновед Султан Усувалиевтің авторлық дәрісінен кейін KinoKultura халықаралық онлайн-кино журналының «Қырғызстанның жаңа киносы» атты арнайы нөмірінің тұсаукесері өтеді.
Бұл шығарылым Биргит Боймерстің жобасы аясында кинотанушы Гульбара Толомушова мен Султан Усувалиевтің редакциясынан өткен.
Авторлар мен редакторлар жөнінде:
Гульбара Толомушова - кинотанушы, FIPRESCI және NETPAC мүшесі, ТМД елдері «УМУТ» жастар киносы форумының бағдарлама директоры. Жылдар бойы Орталық Азия кинематографиясын зерттеген.
Султан Усувалиев - кинотанушы, өнертану кандидаты, режиссер және продюсер. Еңбектерінде қазіргі қырғыз киносындағы үрдістер мен символика тілін талдайды.
Биргит Боймерс - әйгілі кинотанушы және әлем киносы бойынша эксперт, ұлттық кинематографияны зерттеуге бағытталған халықаралық жобалардың авторы және кураторы, Baiqonyr кинофестивалінде FIPRESCI атынан бақылаушы.
Шығарылым туралы
Арнайы шығарылым заманауи қырғыз киносы, ондағы үрдістер, жаңа есімдер мен феномендерге арналған. Зерттеушілер мен сыншылар мақаласында ұлттық кинематографияның дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ экран арқылы Қырғызстанды әлемге танытып жүрген режиссерлердің үлесі туралы жазады.
Іс-шараның маңызы
Бұл тұсаукесер – фестивальдің маңызды бөлігі. Себебі бұл Қырғызстанның ұлттық киносын қолдау ғана емес, оны халықаралық диалогқа қосу туралы әңгіме. Қонақтар шығарылымды алғашқылардың бірі болып оқып, редакторларға сұрақ қоя алады.
Арнайы шығарылымның тұсаукесеріне кинотанушыларды, режиссерлер мен барша киносүйер қауымды шақырамыз!
Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін