È

«28 панфиловцев» «Евразия» кинофестивалінде

«28 панфиловцев»  «Евразия» кинофестивалінде

XII Халықаралық «Евразия» кинофестивалі ресейлік режиссер Андрей Шальоптың «28 панфиловцев» фильмімен басталады.

Атақты 316-ыншы атқыштар дивизиясына арналған картина 1941 жылы сарбаздар жасаған ерлік жайлы. Олар Мәскеуді жаудан арашалады. Өз заманының батырлары туралы фильмдлі түсіру идеясы авторларға 2008 жылы келген. Содан бері сценарийді жазудан бастап түсірілім жұмыстарына дайындық біраз уақытты алды. ҚР Мәдениет министрілігі де фильмді жүзеге асыруға қыруар қаржылай қолдау білдірді.

Өткен жылдың қазан айында шыққан ресми трейлер 3 миллионнан астам көрермен жинады. Фильмнің өзі прокатқа 2016 жылдың 24 қарашасында шығады.Ресейлік және қазақстандық көрерменнен басқа «28 панфиловцев» картрнасын ТМД мемлекеттері, Еуропа елдері, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері тамашалайды. Ресми прокатшы - Universal Pictures Russia компаниясы. Келісім бойынша Қазақстанда 50% дистрибьюция «Қазақфильм» киностудиясына тиесілі.

Лентаның түсірілі 2013 жылдың қазанында басталып, 2015 жылға дейін жалғасты. Фильм Санкт-Петербургте, Мәскеу түбінде және Алматыда түсірілді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер