Қарашадағы 7 үздік трейлер
Күнтізбе бойынша жыл да соңына жақындап қалды –прокатқа жаңа жылдық фильмдер шыға бастайды, негізінен комедиялар, отбасмен бірге көретін фильмдер. Кинематографиялық маусым 2016/2017 әлі де жалғасуда. Осыны ескере отырып, кинокомпаниялар келер жылға да қармақ тастап, жаңа көрермендерді тартуға тырысады. көрермендерді тартудың бір жолы трейлерлер. Қалыптасқан дәстүр бойынша біз үздік деген жеті трейлерді таңдап алдық.
7. «Ограды»

Режиссер: Дензел Вашингтон
Елі: АҚШ
Жанр: драма
Дензел Вашингтон – танымал актер. Мұның дәлелі – оның көптеген марапаттары ғана емес, кино тарихында қалған есте қаларлық, айрықша рөлдері. Жаңа фильмде (трейлерде) ол тағы да өзінің керемет актерлық қабілетін көрсетеді, бірақ соған қоса режиссураның тайғақ жолына да түседі, осы жолда талай жұлдыздың бағы тайған. Бірақ ол батыл қадам жасауда. Тақырып классикалық, афроамерикандықтар үшін өте ауыр тақырып, әр кадрда жүздеген жылдар бойы өздерінің құқықтары үшін күресіп келе жатқан ұлттың дерті, халықтың назы байқалады.
6. «Жена смотрителя зоопарка»

Режиссер: Ники Каро
Елі: АҚШ
Жанр: драма
Бұл фильм «Оскар» алу үшін де бағын сынап көрмек. «Үздік фильм» категориясы үшін болмаса да, «Үздік актриса» номинациясынан үмітті, өйткені басты рөлді орындаушы – Джессика Честейн. Трейлерде оның ойнау потенциялы жақсы көрінеді. Құтқарушы әрі ананың дәстүрлі гуманды рөлі – академиктер мұндай рөлді жақсы көреді. Және де оқиғаның өзі де классикалық және маңызды: Варшава тұрғындарының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өмірлері мен тағдыры суреттеледі.
5. «Тачки 3»

Режиссер: Брайан Фи
Елі: АҚШ
Жанр: драма, комедия
«Тачки» қайта оралады. Аты аңзға айналған Молния Маккуин апатқа ұшырайды. Тизер-трейлерде осы бір қатерлі оқиға әсерлі көрсетілген. Осыдан кейін оның өмірі өзгереді, жұлдыздың дүниетанымдық көзқарастары өзгереді. Нақты не өзгереді – оны ары қарайғы трейлерлер, промо-роликтер, постерлер, әрине, фильмнің өзіь көрсетеді, картинаның тұсаукесері келесі жылдың шілде айында.
4. «Джеки»

Режиссер: Пабло Ларраин
Елі: АҚШ
Жанр: драма, байопик
«Оскар-2017» жүлдесінен үмітті рөлдердің бірі: Натали Портман Джона Кеннедидің әйелі Жаклинді ойнайды. Оның тағдырлы күндері мен жалпы американың қиын-қыстау кезеңі суреттеледі. 1963 жылы 22 қарашада АҚШ президенті өлтірілген болатын. Продюсер Даррен Аронофскидің арқасында «Оскар» алған актриса Портман, өте күрделі әрі қаржылы жобаны қаржыландырады. ол авторлық режиссер Пабло Ларраинды шақырды, ол негізінен Штаттарда емес, еуропада танымал. Трейлерде оның стилі сезіледі. Ларраин – Портман – Аронофски үштігінен не шығатынын көрерміз.
3. «Красавица и чудовище»

Режиссер: Билл Кондон
Елі: АҚШ
Жанр: мелодрама
шынын айтқанда, компьютерлік графика мен спецэффект көп секілді – суреті салынған мультфильм немесе шынайы адамдар түскен фильм көріп отырғаның түсініксіз. Олардың арасында үлкен айырмашылық бар. Өйткені адамның психологиясы ойынның шартына тез бейімделеді емес пе. Алайда трейлер желіде өте танымал, оны көп қолданушы көріп үлгерген. Бұған бірнеше фактор әсер етеді – кейбіреуін ертегілік көңіл-күй қызықтырады, өйткені біздің қарқынды өмірімізге ертегі жетіспейді, кейбіреуі балалық шағын еске алады, өйткені 1991 жылы осы аттас мультфильм шыққан болатын. Ал кейбіреуі Эмма Уотсон үшін көреді. Ремейктер – өте қауіпті әрі тәуекелшілдікті талап етеді. Дегенмен өте тұрақты.
2. «Молчание»

Режиссер: Мартин Скорсезе
Елі: АҚШ
Жанр: драма, шытырман оқиға
Маэстро тағы да іске кірісті! Ұлы Мартин Скорсезе Сюсаку Эндоның XVII ғасырда шыққан романын экарандады. Онда екі жас -иезуит жұмбаққа толы қас жаулары Жапонияға аттанады, олар өздерінің жоғалып кеткен ұстаздарын іздемек. Өзінің кумирлері Акира Куросава мен Кэндзи Мидзогутидің алдында Скорсезе трибьюті мен реверансын ұсынбақ, ол осы жапндық режиссерлерден біраз нәрсе үйренді, стилі де, кейбір кинематографиялық қадамдары да аздап ұқсайды. 70 жылдардағы жаңа Голливуд жапон кинематографиясына қызықты, олардың бір парасы: Стивен Спилберг, Фрэнсис Форд Коппола және Джордж Лукас. Енді ол жапон-америкалық жобаға кірісті, онда басты кейіпкерлер қазіргі Голливудтың жұлдыздары – Лиам Нисон, Адам Драйвер және, әрине, Эндрю Гарфилд, ол жақында актерлығын шыңдай түсіп, Мэл Гибсонның «По соображениям совести» фильміне түсті. Осылайша Оскар номинациясына да ілініп қалуы мүмкін. Фильм үш сағатқа созылады екен, онда декорация да өте көп. Сөз жоқ, фильм өте қызығушылықт туғызады, өйтукені америкалық шебердің кез келген шығармасы ылғи да қызық, парадоксальды және заманауи кино тарихындағы маңызды бөлім болып саналады.
1. «Призрак в доспехах»

Режиссер: Руперт Сандерс
Елі: АҚШ
Жанр: драма, фантастика, киберпанк
Киберпанк жанрындағы фильм. Бұл өте күрделі жанр – бүтіндей әлемді жасау керек, әр детальды мұқият ойластырған жөн, шынайы ығуына күш салу қажет, өйткені кез келген фальшь немесе кемшілік осы жанрда көзге ұрып көрініп тұрады. Масамунэ Сиро «Призрак в доспехах» анимациялық фильмі және осы аттас манга кинематографтағы ең күрделі, бірақ тамаша жанрдың алғышарты. Киберпанканың мысалдары өте аз, бірақ бірнеше тамаша картиналар бар – Ридли Скоттың «Бегущий по лезвию», Терри Гиллиамның «Бразилия» фильмдері. Осыдан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Технология дами түсті, мәселелер өткірлене түсті, Жердің атмосферасы антиутопистердің түнерген шығармаларын еске түсіреді, жалпы киберпанк жанры үшін таптырмайтын кезең. «Призрак в доспехах» фильмінің алғашқы трейлері осының дәлелі.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін