Қазан айында көрсетілетін ең таңдаулы 7 фильм
Осы айда қызықты фильмдер аз емес. Біршама голливудтық фильмнің тұсаукесері осы айда жарыққа шығады, олардан сапасы жағынан еш қалыспайтын еуропалық фильмдер де прокатта. Сондай-ақ қазан отандық киноны жақсы көретін көрермеендер үшін де жемісті болмақ. Көпшіліктің талғамын, сұранысын, қызығушылықтарын саралай отырып, біз осы айда көрсетілетін ең қызықты деген 7 фильмді таңдап алдық.
7. «Ведьма из Блэр: Новая глава»

Жылы / елі: 2016 / АҚШ
Жанр: қорқынышты фильм
Режиссер: Адам Вингард
«Ведьма из Блэр» секілді фильмдер баяғыда сәннен кетіп қалған секілді. Өйткені осы жанр және көрерменді осы әдіспен тарту (фильм болған оқиғаның желісімен түсірілген деп) 2000 жылдардың бас кезінде танымал болды. Ол кездерде псевдодокументальды қорқынышты фильмдер жанры енді-енді қалыптасып, шындық қайсы, өтірік қайсы ешкім біле берген жоқ. Бірақ міне, тағы да ескі франшизаның жалғасы көрерменге ұсынылып отыр. Не өзгерді, жаңа бөлімін түсіруге не түрткі болды? Ештеңе. Мүмкін өзіміз өзгердік. Өйткені қазір әлем соншалықты қауіпті, киностудия лдиректорары өздерінің қорқынышты жанрда түсірілген өнімдерін ұсынуда. Олар шынайы өмірде қорыққандар кинотеатрда да қорқөады деп ойласа керек.
6. «Джек Ричер 2: Никогда не возвращайся»

Жылы / елі: 2016 / АҚШ
Жанр: атыс-шабыс
Режиссер: Эдвард Цвик
Тағы да ескінің жалғасы, тағы да оригиналды емес фильм. Сиквелдер руралы соңғы деректерден білгеніміздей, көрермен бір ғана оқиғадан, қайталана беретін кейіпкерлерден әбден жалықты. Сиквелдер өз позициясынан таюда. Жаңа «Джек Ричер» шамасы тағы да сітсіз шығады. Болашақта шығатын ескі фильмдердің жалғасы да табысқа жете алуы неғайбыл. Бірақ «Голливуд» атты машинаны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан осындай сипаттағы жобалар әлі де шыға бермек. Оның үстіне басты рөлінде Том Круз түскен ленталар жаман емес. Нақтырақ айтқанда, жап-жақсы атыс-шабыс.
5. «Ночная жизнь»
Жылы / елі: 2016 / США
Жанр: драма
Режиссер: Бен Аффлек
Бен Аффлек не істесе де, ісінің ірілігімен басқалардан ерекшеленеді. отличается высокой степенью масштабности. Егер киноға түссе, супербатырларды ойнайды, егер кино түсірсе, үздік фильм үшін «Оскар» алады. Оның режиссерлық және актерлік тәжірибесінің жемісі «Ночная жизнь» фильмі туралы да жақсы пікірлер айтылуда. Құрғақ заң кезеңіндегі Америкада Аффлектің кейіпкері астыртын іспен айналысып, криминал әлеміне келеді. Көреміз де бағалаймыз, Аффлектің актерлігі мықты ма, әлде режиссерлығы ма? Екеуі де аса сенім ұялатпайды, дегенмен әлемнің ең атақты жүлдесінің иегерін бақылап отыру заңдылық.
4. «Инферно»

Жылы / елі: 2016 / АҚШ
Жанр: драма
Режиссер: Рон Ховард
Дэн Браунның есімі ұмытыла бастаған. Алайда басты рөлінде Том Хэнкс түскен Ховардтың жаңа фильмі «Инферно» оған жаңа танымалдық әкелуі мүмкін. Бәрі де бұрынғы фильміндегідей боады, бірақ оқиға Флоренцияда, ендігі талқыға салынатын шығарма Дантенің «Божественная комедия» поэмасы. Бәрі де әдеттегідей қызығарлықтай, қарқынды, псевдоинтеллектуалды түрде жасалған. Хэнкстің кейіпкері барлық шіркеулерге, галереяларға барады. Тіпті оны аяйсың, ол қазір жас емес, бірақ қасккөйлер оған маза бермейді.
3. «Дом странных детей мисс Перегрин»

Жылы / елі: 2016 / АҚШ
Жанр: фэнтези
Режиссер: Тим Бертон
Ертегіші Тим Бертонның жаңа жобасы жарыққа шығады. Оның атауы ғана емес, жалпы барлығы да өзгешелеу. Фильм бестселлерге айналған кітаптың желісі бойынша түсірілген. Ересектерге арналған ертегі, балаларға арналған драма – өзгеше балалар галереясы мисс Перегриннің үйін мекендейді. Перегрин қорқынышты, сөйте тұра тартымды (оны Ева Грин ойнайды, тіпті фамилиялары да ұйқас). Ертегі түріндегі ғажайып оқиғалар қашан да адамдарды қызықтырады. Бертон мұны біледі, сондықтан өз фильмдерін түсіріп, пайда табу үшін адамдардың әлсіздігін сәтті пайдаланады.
2. «Тараз»

Жылы / елі: 2016 / Қазақстан
Жанр: драма, криминал
Режиссер: Нұртас Адамбай
«Тараз» – чНұртас Адамбайдың төртінші толықметражды фильмі, бірінші криминалдық драмасы. Тараз қаласындағы 90-жылдардағы оқиғаны баяндайды. Оңтүстіктегі осы бір қала еліміздегі ең криминалды қалалардың бірі болды. Онда өз заңы, өз түсінігі, өз ережелері үстемдік етті. Бүтіндей бір ұрпақ осы шарттар мен құндылықтар арқылы тәрбиеленді. Солардың бірі – сценарий авторы әрі режиссер Нұртас Адамбай. Ол біраздан бері өмірге жақын, салмақты дүние түсіргісі келіп жүрген еді. Енді міне, криминалдық драма түсірді, Фильмдегі бір оқиға кейіпкерлдердің өмірін түбегейлі өзгертті.
1. «Районы»
Жылы / елі: 2016 / Қазақстан
Жанр: драма, криминал
Режиссер: Ақан Сатаев
Осы екі фильмді біз бір қатарға қойып, екеуіне де «алтын» береміз. Оған екі себеп бар: екі фильм де қазан айында күтілетін қазақстандық фильм, мазмұндары да ұқсас. Егер Адамбаев өзінің халық жақсы қабылдаған комедиялық жанрдағы фильмдерінен кейін крминалдық драманы алғаш қолға алса, бұл Сатаевтың сүйікті жанры. Ол екуі де неге өткен ғасырдағы криминал туралы фильмді бір мезгілде түсірді? Мүмкін олардың қаржылық түйсіктері қазіргі кезде 80-90 жылдардағы криминаллдық драманың өтімді екенін сезсе керек? Қалай болғанда да қазан айында өмір философиясы, қарапайым дүниелердің құндылығы, елімізде тірі қалудың жолдары туралы ой қозғайтын нағыз жігіттердің фильмдерін тамашалаймыз.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін