È

«Абайдың балалық шағы» мультфильмі ЭКСПО-2017 көрмесінде ел назарына ұсынылады

«Абайдың балалық шағы» мультфильмі ЭКСПО-2017 көрмесінде  ел назарына ұсынылады

Компанияның қызметкерлері – былтыр Қытайдың Үрімші қаласында ашылған Абай атындағы анимациялық академияның студенттері.

«Абай жолы» компаниясының директоры Ғұсман Қажытайдың айтуынша, «Абайдың балалық шағы» жобасы екі жылдай ойластырылды. Қазіргі уақытқа дейін 2 сериясы түсірілген, алдағы уақытта 15 циклі түсірілмек. Жалпы мультфильм 104 сериялы болады деп жоспарланып отыр.

«Қазақтың рухани ұстазы Айбай туралы мультфильм арқылы біз балаларды тәрбиелеп, олардың бойына төзімділік, сабырлылық, еңбексүйгіштік, ақылдылық секілді қасиеттерді сіңіргіміз келеді», дейді Ғұсман Қажытай.

Компания директоры айтып өткендей, бүгінде жобаға Малайзия, Тайвань, Тайланд және Сингапур секілді басқа да мемлекеттердің 200-дей телеарналары қызығушылық танытып отыр екен. «Абайдың балалық шағы» мультфильмін Қытайдың CCTV телеарнасы таныстыратын болады. Жоба сәтті шыққан жағдайда толықметражды мультфильм де түсірілуі мүмкін.

Анимациялық фильмді қазақ тіліне дубляж жасағандар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер