È

Абдель Фифтибаев «Бойжеткен» фильмінің түсірілімін аяқтады

Абдель Фифтибаев «Бойжеткен» фильмінің түсірілімін аяқтады. Қазақстан киносы

Режиссер Абдель Фифтибаев Alma pictures компаниясымен бірігіп «Бойжеткен» фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтады. Режиссер үшін аталмыш жоба үлкен кинодағы дебюті болды.

«Бойжеткен» кинотаспасының басты кейіпкерлері – армандарына асықпай, сенімді түрде бағыт алған қыз бен жігіт. Екеуінің жолдары мол мүмкіндіктер және махаббат қаласы – Алматыда тоғысады. Алайда, мақсатқа қол жеткізу үшін сенімділік аздық етеді. Кейіпкерлер көптеген сынақтардан өтеді.

«Бұл жастар мелодрамасы, мұнда негізгі тақырып тек махаббат қана емес, адамдарды байланыстыратын музыка да бар. Картинада қазақстандық рок-топтар мен орындаушылардың әндері шырқалады. «Бойжеткен» сүйікті Алматының ескерткіштерінің біріне айналады»,-дейді Абдель Фифтибаев картина идеясы туралы.

«Бойжеткен» фильмінің түсірілімінен сурет

Суреттер: kinostartup.kz

Көрермендер картина кейіпкерлері ретінде Әлия Наурызбаева, Ерболат Ержанов және Қуаныш Жолжақсынов сынды жас актерларды көре алады.

Фильм түсірілімі 16 тамызда басталып, Алматыда өткен. Түсірілімге қоюшы-оператор Айдар Оспанов, дыбыс режиссері Александр Влазнев және қоюшы-суретші Әлтаир Бірлік атсалысты.

Еске сала кетсек, «Бойжеткен» сценарийі бір жарым жыл дайындалды. Тек 2017 жылы жобаны Alma pictures-тің жетекшісі Алмагүл Тілеухан өткізген байқауда толық метрдің үздік идеясы ретінде байқап қалады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист