È

Адам Сэндлер және Дженнифер Энистон ортақ түсірілімге дайындалуда

Адам Сэндлер және Дженнифер Энистон ортақ түсірілімге дайындалуда

Адам Сэндлер («Майровиц отбасының хикаялары», «Сэнди Уэкслер») және Дженнифер Энистон («Жаңа жылдық отырыс», «Төзгісіз ханымдар») түсірілімімен Netflix стримингті қызметі айналысатын «Жұмбақ кісі өлімі» комедиясының ортақ түсіріліміне дайындық үстінде. Бұл олардың 2011 жылғы табысты шыққан «Әйелім болып ойна» комедиясынан кейінгі алғашқы ортақ жұмысы болмақ. Жобаның режиссері ретінде Кайл Ньюачек («Еңбекқорлар» хикаясы, «Ойын аяқталды,балақай!») жұмыс істейді.

«Жұмбақ кісі өлімі» фильмінің сценарийімен Джеймс Вандербилт («Тәуелсіздік күні: Жаңғыру», «Ақ үйдегі шабуыл» ) айналысады. Фильм Еуропада демалыс кезінде өлтірілген егде жастағы миллиардердің өліміне басты күдікті болып табылатын Нью-Йорктегі полицей қызметкері (Адам Сэндлер) мен оның әйелі (Дженнифер Энистон) жайлы баяндайды.

«Жұмбақ кісі өлімі» - Адам Сэндлердің Netflix-пен бірлескен алтыншы ортақ жобасы. Дженнифер Энистон алпауыт медиамен алғаш рет жұмыс істеуде. Сэндлердің Netflix-пен алдыңғы ортақ жобаларының қатарына оның мансабындағы үздік фильмдері - «Оғаш алтылық», «Барлығы жаңаша», «Сэнди Уэкслер» және «Майровиц отбасының оқиғаларын» жатқызуға болады. 27 сәуір күні Netflix-те оның қатысуымен «Аптаға дейін...» атты тағы бір комедиясының көрсетілімі өтеді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

31 наурыз 2018, 22:10

Хорошие актеры!

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист