È

Әділхан Ержанов «Қазақфильмдегі» жемқорлық жайлы

Әділхан Ержанов «Қазақфильмдегі» жемқорлық жайлы

XII «Евразия» ХКФ-і жеңімпаздардың қуанышымен ғана есте қалған жоқ, режиссер Әділхан Ержановтың батыл пікірімен де есте қалды. Үздік режиссер Әділхан Ержанов тура сахна төрінде «Қазақфильмдегі» жемқорлық жайлы ойын жайып салды.

«Екі жаңалықпен бөліскім келеді - жақсы және жаман. Жақсы жаңалық Мәдениет министрлігі бюджеті 100 миллион теңгелік менің жаңа фильмімді шығарды («Рассвет»). Жаман жаңалық сол 100 мыңның 80 мыңын Жұбандықов («Қазақфильм» АҚ вице-президенті )өзіне қалдырғысы келеді. Осы жолы жемқорлық болмау үшін Мәдениет министрлігі «Қазақфильммен» және Жұбандықовпен шешсе екен деген тілегіміз бар», - деді режиссер.

Кинематографистің айтуынша, министрліктен 100 миллион бөлінсе де, «Қазақфильм» фильмнің 20 миллион теңгеге түсірілгенін қалайды.

Серік Жұбандықов

Өз кезегінде Серік Жұбанодықов бюджеттің бөлініуі әлі жоспарлануда, ал алдын ала 20 миллион бөлінген. Вице-министр ешкімнің де режиссердң ақшасын алып алуға, оны өз мүддесіне жұмсауға ниетті емес екенін айтты.

өзінің әріптесі үшін ең алдымен продюсер Серік Әбішев кешірім сұрады. Өзінің Facebook парақшасында ол қысқа хабарлама жариялады:

«Мен Серік Жұбандықовты сыйлаймын және режиссердың ұстамсыздығы үшін кешірім сұраймын».

Екі жақтың да осындай даулы пікірінен бірнеше жыл өтсе де ешқайсысы да заңды түрде бір-біріне ешқандай талап қоймаған. дегенмен режиссер Ержанов пен Жұбандықов бір-бірімен кездесіп, нәтижесінде «Қазақфильм» Ержановтың фильміне қарастырылған бюджетті толықтай беруге келісті. алайда режиссер толықтай сумманы келесі жылы ала алады.

ӘІділхан Ержанов бұл келеңсіздіктің толығымен шешілгенін айтты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер