Әділхан Ержанов «Рассвет» фильмінің түсіріліміне кірісті
Режиссер әрі сценарист Әділхан Ержановтың «Рассвет» деп аталатын жаңа фильмінің түсірілімі басталды. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсіріледі. Фильмнің түсірілім алаңы «Қазақфильм» киностудиясының аумағындағы арнайы жасалған декорациялар болмақ.
«Рассвет» - қайта тәрбиелеу жөніндегі оқиға. Оқиға әке мен бала жайлы. Әкесі жабайы табиғат аясында күнкөріске үйретеді, осылайша ол жс баланы дұрыс жолға салады. Мәселе, фильм кейіпкерінің қалай сабақ алатынында.
Әділхан Ержановтың айтуынша, «Рассвет» кинолентасының идеясы – әке мен бала арасындағы қарым-өатынасты негізге ала отырып, жас буынды қайта тәрбиелеу.

Картинаның продюсері Серік Әбішев, бұған дейін ол «Хозяева» және «Строители» жобаларына продюсерлік еткен. Продюсердің айтуынша, түсірілім тобы әр кадрға мұқият көңіл бөлуде.
«Рассвет» фильмінің шығармашылық тобына қоюшы-оператор Едіге Несіпбеков және қоюшы-суретші Ермек Өтегенов кірді. олар түсірілімді қаңтарда аяқтаймыз деп жоспарлап отыр.
Авторлар «Рассвет» фильмі тек киносүйер қауымға ғана емес, сұлулықты бағалай білетіндерге де ұнайды деп үміттеніп отыр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін