È

Айсұлу Әзімбаева: «Айналамда болып жатқанның бәрі жаңа және таңғалдырарлық»

Айсулу Азимаева: «Происходящее вокруг абсолютно новое и удивляющее»

Режиссер Ақан Сатаев «Она» деп аталатын жаңа фильмнің түсіріліміне кірісті, ол басты рөлді театр және кино актрисасы белгілі театра и кино Айсұлу Әзімбаеваға ұсынды. Бұл актриса мен режиссердың бірлескен алғашқы жобасы. Айсұлудың айтуынша, фильмнің идеясы осыдан бір жыл бұрын оның ойына келіп, Ақан Сатаевқа ұсыныс жасаған.

«Ақан Сатаевпен танысқаннан кейін біз бірімізге идеяларымызбен бөлісіп, жазып тұрамыз деп келістік. Актерлерді аяқ астынан идея келетін кездер болады. Сонымен бірде мен режиссерға қалада өзімен өзі жалғыз тұратын, өз әлемінде өмір сүретін қыз туралы фильм түсіруге ұсыныс жасадым. Ақан идеямды қолдады. Кішкентай ғана идея уақыт өте келе жаңа оқиғалармен, кейіпкерлермен толыға бастады. Нәтижесінде араға тура бір жыл салып түсірілім де басталды (күлді). Ол түсіріп жатқан кейібір көріністер тек қиялымызда ғана болған, енді міне, үлкен, салмақты дүниеге айналып келеді», - дейді Айсұлу Әзімбаева.

Фильмнің сюжеті бойынша басты кейіпкер үлкен мегаполисте тұрады. Олар - осы қаланың жалғыз тұрғындары. Күндердің күнінде кейіпкерлер басқа қалалық тұрғынның ізін байқайды.

«Менің кейіпкерімнің образы - тек қыздың ғана емес, жалпы өзімен өзі жүретін тұйық адамдардың жиынтық образы. меніңше, бұл фильм XXI ғасырдың түйіткілді мәселесі, адамдар саналы түрде болмаса да, жалғыз болғылары келеді. Жалпы фильм мен үшін жаңа бір жанырда түсірілуде. «Она» - фанатстика мен трриллердің аралығы. Мен қазір сондай шабыттанып жүрмін. Айналамда болып жатқанның бәрі жаңа, таңғалдырарлық», - дейді актриса.

Сондай-ақ Айсұлу шығармашылық топ пен оолардың еңбегін де тілге тиек етті. Ақан Сатаевтың түсірілім алаңында бәрі де сақадай сай екенін ескере кетті. Бұл қасиетпен кез келген отандық режиссерлердің бәрі мақтана алмайды.

Әзімбаеваның «Она» фильміндегі актерлық шеберлігін көрермен алдағы жылдың көктемінде бағалай алады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер