È

Айсұлу Әзімбаева мен Әнуар Нұрпейісов Хан Тәңірі шыңына шығады

Айсұлу Әзімбаева мен Әнуар Нұрпейісов Хан Тәңірі шыңына шығады

Айсұлу Әзімбаева мен Әнуар Нұрпейісов еліміздегі ең биік нүкте - Хан Тәңірі шыңына (7010 метр) шықпақ. Актерлар «Жетісу география қоғамы» және облыс әкімінің ішкі туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырған медиа экспедицияның қатысушысы атанды.

Топтың құрамында Әзімбаева мен Нұрпейісовтен бөлек, оператор, National Geografic-тің «Әлемнің жүз кереметі» халықаралық фотофестивалінің қатысушысы Александр Кузнецов, әуесқой альпинист, Жетісу география қоғамының төрағасы Әнуар Демегенов бар. Бұл төрттік биылғы қаңтар айынан бастап шыңға шығуға белсенді түрде дайындалды.

Фото: Алматы облысы АКҚ
Фото: Алматы облысы АКҚ

«Бұл өмірімдегі ең қиын жоба, әрі біздің шыңды бағындыру мүмкіндігіміз төмен. Өлім құшу қаупі жоғары. Бұл өзіңді тексеруге берілетін мүмкіндік. Менің қолымнан не келеді? Бастапқыда шыңды бағындыру туралы алғаш естігенімде, бұл идеяға шүбәмен қарадым. Бірақ жоба қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқанда, мен сендім. Осылайша біздің туризміміздің дамып жатқанына өте қуаныштымын, өйткені экспедицияның басты мақсаты – бұл жастар арасында резонанс тудыру және заманауи медиақұралдар арқылы шыңға шығудың кереметтерін баяндау», - деді брифинг барысында Әнуар Нұрпейісов, деп хабарлайды Taldyk.info.

Медиаэкспедиция бүгін, 16 шілде күні басталды. Қатысушылар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан Қарқара базасына шығып кетті. Жорық 21 күнге созылып, 8 тамыз күні аяқталады.

 

Превью: Алматы облысы АКҚ

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер