È

Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильмнің жұмысына кірісіп кетті

Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильмнің жұмысына кірісіп кетті

Ақан Сатаев демалуды білмейді, ол «Елбасы жолы. Астана» картинасының тұсаукесерлі көрсетілімінен кейін астанада «Боксшы» жұмыс атауы бар жаңа фильмнің түсіріліміне кірісіп кетті.

Таспа сюжеті бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмірбаянына негізделмек.

«Достар, біз көлемді қызықты жаңа жобаның түсірілімін бастағанымызды хабарлаймыз», - деп жазды режиссер өзінің Инстаграм парақшасына.

Картинаның актерлік құрамы әзірге жарияланбады.

Ақан Сатаев әлеуметтік желіге салған постерге қарағанда, фильмнің ұраны «Соңына дейін күрес! Азап уақытша, жеңіс салтанаты мәңгілік!» деп аталады.

Еске сала кетсек, «The Эфир» бағдарламасында қоюшы жақында танымал отандық боксшы жайлы фильм түсіретінін хабарлаған болатын. Сол кезде Ақан Қарғамбаұлы таспаның өндірістік уақытының бір жарым жылға созылатынын айтқан еді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер