È

Ақан Сатаев «Халықтың сүйіктісі» атанды

Ақан Сатаев «Халықтың сүйіктісі» атанды

Ақан Сатаев «Халықтың сүйіктісі – 2017» ұлттық жүлдесінің лауреаты атанды. Режиссер әрі продюсер «Үздік кино қайраткері» номинациясында жеңіске жетті. Жүлде кинематографшыға Астанада 3 ақпан күні өтетін салтанатты шарада тапсырылады.

«Халықтың сүйіктісі» - 2011 жылдан бері мемлекетіміздегі азаматтар мен мекемелерге танымалдылығы мен біліктілігі үшін берілетін ұлттық жүлде. Жүлде лауреаттары онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Сондай-ақ, «Үздік кино қайраткері» номинациясына үміткерлер арасында актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова, актер Жан Байжанбаев және актриса Қарлығаш Мұхамеджанова бар.

Айта кету керек, аталмыш жүлде Ақан Сатаевқа алғаш рет беріліп отырған жоқ. 2014 жылы режиссер «Бедел және кино» номинациясын жеңіп алған болатын.

Алдыңғы жолдары бұл жүлдені Ермек Тұрсынов, Нұртас Адамбай, Әділ Ахметов және Баян Алагөзова иеленген.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

26 января 2018, 18:01

Заслужил! Поздравляем!!!

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер