È

Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінің түсіріліміне кірісті

Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінің түсіріліміне кірісті

Жақында «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» көркем фильмінің түсірілімі бсталады, картинаның қоюшысы - Ақан Сатаев. Режиссер «Томирис» көлемді жобасына дайындалып жатқанына қарамастан, күш-жігерге толы.

«Түсірілім жақында Астанада басталады. Өтіп бара жатқан болмыс туралы түсіреміз. Картинаға толыққанды кірісіп жатырмыз, кәсіби топ жиналды. Грим үшін Лондоннан келген екі мәрте Оскар алған маман Марк Кульер жауапты болмақ. Картинада 1994-1998 ж.ж. аралығындағы оқиға көрсетіледі, яғни Елбасымыздың астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру кезеңін бейнелейді»,-деп бөлісті Ақан Сатаев.

Режиссердің айтуынша, актерлік құрам бекітіліп қойылған. Өкінішке қарай, Сатаев басты рөлдерді сомдайтын актерлардың есімін атамады. Дегенмен, Берік Айтжановтың Нұрсұлтан Назарбаевты сомдайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» - Қазақстан президенті туралы кинокезеңнің алтыншы фильмі. Алғашқы төрт бөліміне Рүстем Әбдірашев режиссерлік еткен, ал «Жұлдыздар тоғысқанда» бесінші эпизодын ресейлік қоюшы Сергей Снежкин түсірген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер