È

«Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» картинасының бюджеті 2 миллиард теңгеден асады

«Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» картинасының бюджеті 2 миллиард теңгеден асады. Қазақстан киносы

Нұрсұлтан Назарбаев туралы баяндайтын «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» кинотаспасының түсіріліміне 2,3 миллиард теңге бөлінді. Аталған соманы үкімет 2018-2020 ж.ж. арналған республикалық бюджеттен бөлмек. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Үкімет мәліметтеріне сүйенсек, киноөндіріске мемлекеттік бюджеттен 14,2 миллиард теңге бөлінген. Оның 1 миллиарды анимацияға және 900 миллион теңгесі деректі киноға жұмсалады.

«Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» жаңа фильміне Ақан Сатаев режиссерлік етеді. Кинокезеңнің алдыңғы төрт бөлімін Рүстем Әбдірашев түсірген, ал «Жұлдыздар тоғысқанда» бесінші эпизодының түсірілімі ресейлік режиссер Сергей Снежкиннің жетекшілігімен өткен.

Ақан Сатаевтың «Томирис» атты басқа картинасына мемлекет 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер