È

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің түсіріліміне дайындалуда

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің түсіріліміне дайындалуда

Отандық режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильм» киностудиясымен бірігіп «Томирис» тарихи фильмін түсірмек. Кең көлемді жобаны ҚР Спорт және Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша дайындауда.

Бүгінгі таңда сценарий жазылып жатыр, түсірілім тобы да анықталу үстінде. Сценарий авторлары Тимур Жақсылықов пен жоба идеясының авторы әрі бас продюсер Әлия Назарбаева. Қоюшы-операторы - Ақан Сатаевпен бірге «Адасқандар», «Жаужүрек мың бала» және «Рэкетир 2» картиналары бойынша жұмыс істеген Хасанбек Қыдыралиев.

«Томирис» фильмі – Массагет тайпаларының патшайымы Томирис туралы баяндайтын тарихи-биографиялық фильм. Біздің эрамызға дейінгі мың жыл бұрын Томирис патшайым парсы патшасы II Кирдің мыңдаған әскерін тізе бүктірді. Көрерменге әйгілі батыр әйелдің оқиғасы, кек алу мен бостандыққа ұмтылысы баяндалады.

Түсірілім тобы фильмнің биылғы жылдың қазан айынан басталып, 2018 жылдың ақпан айында аяқталатынын мәлімдеді. Алайда, көрермендер «Томирис» фильмі келесі жылдың тек аяғында ғана жарыққа шығуы мүмкін деп ойлайды.

Тарихи таспа Қазақстан аумағында шетелдік мамандардың шақыртуымен және компьютерлік графика мамандарының көмегімен түсірілетін болады. Ақан Сатаев аталмыш картинаның отандық және шетелдік аудиторияға қызықты болатынына сенімді.

Жақын арада басты және қосалқы рөлдерге кең көлемді кастинг жарияланбақ.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Куаныш Кыдыков

29 мамыр 2017, 01:02

Хочу сниматься а фильмах

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер