Ақан Сатаев кино өндірушілерді салықтан босатуды талап етті
Қазақстан Республикасыүкіметінің отырысында киноөндірісті дамытуға қатысты наұты ұсыныстарымен белгілі режиссер Акан Сатаев баяндама жасады. Өз сөзінде кинематографист кино саласын өркендететін бірнеше әдістерді ұсынды. Соның ішінде пираттармен күрес, шетелдік фильмдерді квоталау және отандық кино өндірушілерді салықтан босату.
«Біздің саламыздағы басты мәселе - нарық көлемінің аздығы, біз бұл мәселені облыс орталықтары мен өңіролерде заманауи каинотеатрлар салумен шеше Екіншіден, пираттармен күресу керек. Көрермендер көбінесе киноленталардың торренттер мен қолжетімді ресурстарға шыққанын қалайтындарын ашық жазады. Егер біз осы ресрустарымен порносайттар секілді күрессек, кинематографистерге үлкен көмек болар еді», - дейді Ақан Сатаев.
Режиссер қазақстандық кино мен шетелдік киноның тең емес бәсекелестігін де назардан тыс қалдырған жоқ:
«Ресейдегі секілді бізде де шетелдік фильмдерді азайту керек. Елімізде шығатын фильмдердің 20 пайызы отандық өнім болуы шарт. Сондай-ақ кинемотографистерге жеңілдіктер жасалса, мысалы, салықтан босатылу немесе шығынды несиемен қайтару секілді. Мұндай әдіс көптеген елдерде қолданылады. Мен Канадада жәнеТоронтода фильм түсірдім, сонда продюсерлерге шығынның 40 пайызы қайтарылды».
Оның айтуынша, салықтың есебінен үнемделген қаржыны кино қорын қалыптастыруға жұмсауға болады. Бұл қор фестивальдық фильмдерге қолдау болар еді.
«Электрондық билеттерді енгізу – бұл ерекше қажеттілік. Барлық дамыған елдер осы жүйемен жұмыс істейді. Бұл таза шығынды есептеуге және кассалық табысты есептеуге септігін игізіп, салаға инвесторлар тартуға мүмкіндік туғызады», - деген ұсыныс айтты спикер.
Сөз соңында Ақан Сатаев анимациялық картиналар түсіру өндірісін кеңейтудің маңыздылығын айт келіп, отандық киноөндірістің дамуына барынша үлес қосатынын жеткізді.
Үкімет мүшелдерінің отырысында сондай-ақ халық әртісі Асанәлі Әшімов, режиссерлер Рашид Нұғманов пен Рүстем Әбдрашев та сөз сөйледі.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін