Ақбота-Нұр Сейтмағамбет «Гламур для дур» фильміндегі рөлі үшін жүлдеге ие болды
Ақбота-Нұр Сейтмағамбет «Гламур для дур» фильміндегі рөлі үшін XVIII «Күлімде, Ресей!» кинофестивалінде жүлдеге ие болды. Кинокөрсетілім Тула қаласында 14-20 қазан аралығында өткен.
«Гламур для дур» фильмі – режиссер Асқар Ұзабаевтың ауыл мектебінің түлегі Ұлжан туралы баяндайтын комедиялық жұмысы. Бойжеткен Алматыға келіп, қала өміріне бейімделуге тырысады да, көптеген қызықты жағдайларға тап болады.
Картинада Ақбота-Нұрдан бөлек, Дәурен Айдарқұлов пен Әсел Ақбарова ойнаған.
Кинотаспаның Қазақстандағы тұсаукесері 2016 жылдың 1 желтоқсанында болды.
«Күлімде, Ресей!» байқауы – 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жалғыз ресейлік комедия фестивалі. Жыл сайын байқауға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Италия және Франция елдерінен келген фильмдер қатысады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін