Актер әрі депутат Асылхан Төлепов үйленді
Актер әрі жас депутат Асылхан Төлепов ресми түрде бойдақтықпен қош айтысты. Оның қалыңдығы Балқаштың тумасы - Айсұлу.
Жастар үйлену тойларын Алматыда, «Қазақстан» қонақ үйінде өткізді. Ұмытылмас айтулы күндегі ғашықтардың қуанышын жақын достары, туыстары және отандық кино мен эстрада жұлдыздары бөлісіп келді. Олардың арасында Сәкен Майғазиев, Жанар Айжанова, Бауыржан Әбішев, Асан Мәжит, Тәуекел Мүсілім және т.б. бар. Тіпті, әдемі жұпты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің өзі келіп, арнайы құттықтап қайтты.
.jpg)
Суреттер Сәкен Майғазиевтің жеке Instagram парақшасынан алынды
Айта кету керек, Асылхан мен Айсұлу той басталмас бұрын өте қайырымды бір іс жасады. Жұп «Перзент» балалар үйіне барып, дастархан жайған болатын.
Асылхан Төлеповтың тойында досы, актер Аян Өтепберген ұл жолдас болған.







2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
25 желтоқсан 2017, 02:22Молодец, пусть будет всегда ближе и по чаще к семейному очагу. Желаем процветания и удачи. И спасибо ему. От меня.
Дания Кузембаева
2 февраля 2018, 12:51Байбек лучший!