È

Қазақстандық актер «Трансформерлер: Соңғы жауынгерге» жасалған америкалық пародияға түсті

Қазақстандық актер «Трансформерлер: Соңғы жауынгерге» жасалған америкалық пародияға түсті

«Look Crate» америкалық компаниясы «Трансформерлер: Соңғы жауынгер» («Транформеры: Последний рыцарь») фильмінің жарыққа шығуының алдында «Car Botz!» атты пародияға құрылған трейлерін түсірді. Бейнероликтің режиссері - Джулиан Хиггинс («Доктор Хаус»), ал басты рөлді Қазақстаннан шыққан актер Анатолий Огай сомдады.

Авторлардың ойынша, оқиға мен бейнекөріністер Шығыс Еуропада өтеді. Сол себепті, фильмнің барлық кейіпкерлері біртүрлі акцентпен сөйлейді, ал автоботтар картоннан жасалған. Пародиялық трейлердің өзі арнайы арзан эффектермен толықтырылған. Анатолийдің кейіпкері Сэм көлік-роботты бірінші болып тауып алады. «Car Botz!» туындысын жарыққа шығару үшін 30 маман жұмылдырылған.

«Car Botz!» фильмінен көрініс

Анатолий Огай 2012 жылдан бері Лос-Анджелесте тұрып, жұмыс істеп келеді. Сол жақта Калифорния өнер институтын бітірген. Актер бірнеше рет қысқаметражды және толықметражды картиналарда түскен. Сонымен қатар, ол театр саханаларына да белсенді түрде шығып жүр. Биылғы жылдың сәуір айында Анатолий Санта-Моникадағы Хайвейс театрында көрсетілген американдық драматург Рик Митчеллдің «Анархия/Чьяпас» пьесасында басты рөлді сомдаған. Актер бүгінде өзінің «Өзеннің екінші жағында» («По другую сторону реки») монодрамасымен жұмыс істеп жатыр. Аталмыш картинада актердің Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан атасы туралы баяндалады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса