È

«Ең сұлу қыз» фильмінің актерлары Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының балаларын құттықтап қайтты

«Ең сұлу қыз» фильмінің актерлары Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының балаларын құттықтап қайтты

«Ең сұлу қыз» атты отандық фильмінің түсірілім тобы Балаларды қорғау күніне орай Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан балаларды мерекемен құттықтап қайтты. Актерлар Берік Айтжанов, Мұрат Бисенбин және Қуаныш Долдаев балалармен кездесіп, сыйлықтарын ұсынды.

Аурухана әкімшілігі балалардың танымал тұлғалардың қолынан сыйлық алғандары үшін қатты қуанғанын айтып, «Ең сұлу қыз» картинасының түсірілім тобына ерекше алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Алматыда Қанағат Мұстафиннің «Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Картина «16 қыз» комедиялық таспасының жалғасы болып табылады. Сюжет бойынша Самат пен достары аяқ астынан құны 20 миллион доллар тұратын антиквар құмыра ұрлығына қатысты болып шығады. Режиссердің айтуынша, картина мейірімді қылмыстық роуд-муви бағытында түсірілуде.

Түсірілімге бұрынғы актерлік құраммен қатар, Мұрат Бисенбин, Әсел Асқар, Kental лақап атымен танымал Талғат Кенжеболатов, Асан Мәжит және т.б. атсалысуда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса