È

«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімі басталды

«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімі басталды. Қазақстан киносы

Режиссер Қанағат Мұстафин «Ең сұлу қыз» фильмінің түсіріліміне кірісіп кетті. Жаңа комедиялық таспаның өндірісімен «Қазақфильм» мен Kanaidar production «Чеченфильм» кинокомпаниясымен бірігіп айналысады.

«Ең сұлу қыз» картинасының сюжеті көрермендерге Самат есімді жігіттің қызықты оқиғасын баяндайды. Самат достарының арасындағы жалғыз бойдақ болғандықтан, тезірек үйленуге асығады. Оған ең әдемі қалыңдықты таңдап беруге Тимур мен Бауыржан көмектеседі. Бірақ, бұл басты оқиға емес. Кейіпкерлер құны 20 миллион доллар тұратын антиквар құмыраны ұрлады деп айыпталады. Бір уақытта іздеуде, бір кезде қашқын болып жүрген достар қызықты оқиғалардың куәгерлері атанады.

Комедияның басты кейіпкерлерін Берік Айтжанов, Дәурен Айдарқұлов және Қуаныш Долдаев сомдайды. Сондай-ақ, жобаға тележүргізуші Әсел Асқар, Мұрат Бисенбин, Фархат Әбдіраимов, Ғани Кұлжанов және т.б. атсалысты.

Продюсер Айдархан Әділбаевтың айтуынша, «Ең сұлу қыз» фильмін отбасы щеңберінде көруге болатын көне кеңестік кино форматында түсіреді.

«Kanaidar production» киностудиясы үшін бұл халықаралық жоба болмақ, өйткені картина Қазақстанда, Сочиде және Солтүстік Кавказда түсірілетін болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер