È

Қанағат Мұстафин «Самая красивая» («Ең сұлу қыз») фильміне актерларды іздейді

Қанағат Мұстафин «Самая красивая» («Ең сұлу қыз») фильміне актерларды іздейді

Режиссер Қанағат Мустафин «Самая красивая» («Ең сұлу қыз») атты жаңа фильмнің түсіріліміне дайындық үстінде. Дайындық жұмыстарын аяқтап, түсірілімді бастау үшін Kanaidar production кинокомпаниясы актерлерді эпизодтық рөлдерге шақырады.

«Самая красивая» («Ең сұлу қыз») кинокартинасы – 2015 жылы режиссер Қанағат Мустафинмен түсірілген «16 қыз» романтикалық комедиясының жалғасы. Жаңа таспада Саматтың ұмытылмас оқиғалары баяндалады. Кейіпкер достарымен бірге өзіне қалыңдық іздеуге шығады. Алайда саяхаттарының соңы шиеленісіп, достарына Мин дәуіріндегі құмыраны ұрлады деген айып тағылғандықтан, оларға үнемі қашып жүруге тура келеді. Авторлардың айтуынша, фильм қылмыстық комедия жанрында түсіріледі.

Көрермендер басты рөлдерде қайтадан Берік Айтжанов, Аша Матай және Ғани Құлжанов, сондай-ақ, Қарлығаш Мухамеджанова, Мурат Бисембин, Асан Мәжит және басқа да отандық актерлерді көре алады.

Фильм түсірушілерінің эпизодтық рөлдерге ұсынылатын үміткерлерге қойылатын арнайы талаптары жоқ. Кастингке 16 жастан 66 жасқа дейінгі киноға түскісі келетін барлық талапкерлер қатыса алады.

Кастинг 3-6 сәуір аралығында сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін болады. Өткізілетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 176, «Қазақфильм» киностудиясы, ПЛК, 2 қабат, 272 кабинет.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер