È

Актерлар «Көне жетігеннің сыры» хикаясы жайлы айтып берді

Актерлар «Көне жетігеннің сыры» хикаясы жайлы айтып берді

«Хабар» телеарнасынан «Көне жетігеннің сыры» хикаясы көрсетіліп жатыр. Тарихи-шытырман оқиғалы драмасындағы оқиға көне музыкалық аспап «жетігеннің» айналасында өрбиді, ол аңызға сәйкес, Әбу Насыр әл-Фараби музыкасының негізгі трактатына айналды.

Хикая кейіпкерлерін жас актерлар Карина ЖұмалиеваҚаржыгер: Шығу ойыны»), Бақдәулет ӘлімханӨмірдің өзі новелла») және Айдар Лескенов сомдады. Сюжет бойынша студент қыз Самал және достары - Нұржан мен Жандос – жетігеннің жоғалып кеткен бөліктерін табуға тырысып, қауіпті әрі күптеген жағдайларға толы саяхатқа аттанады.

«Бұл хикаяда алғаш рет басты рөлдердің бірін сомдаймын. Кейіпкерім – жас ғалым Жандос. Ол ақылды, салмақты әрі шынайы жігіт. Режиссер мынадай талап қойды: образға барынша ену, сондай-ақ күшті аямай, қан мен тер арқылы кез-келген қиындыққа дайын болу. Мен бір алаңда Карина, Айдар және басқа да түсірілім мүшелерімен бірге жұмыс істегеніме қуанамын. Біз расында достасып кеттік. Түсірілім барысындағы сәттерді әлі күнге дейін күлімдеп еске аламын», - деді актер Бақдәулет Әлімхан.

Отандық «САҚ» киностудиясы үшін теледрама алғашқы 10 бөлімдік жоба болды. Фильм режиссері - Нұрридин Патеев, ал сценарийін Бақытжан Қожабай жазды. Хикая бір жыл бойы үзілістермен түсірілді. Түсірілім барысында 100 адамнан тұратын шығармашылық топ Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7 қасиетті мекенге барып қайтты.

«Қызықты сәттер көп болды. Әсіресе, үңгірдегі түсірілім есте қалды. Үңгірдің ішінде минустық температура әрі жоғары ылғалдылық, ал сыртта қатты ыстық еді, бұл сұмдық болды. Түсірілім әр түрлі жағдайлар мен шарттарда өтті: күн ерекше ыстық, түсірілім тауда, су астында және жер астында болды. Біз тәуліктер бойы түсірілім алаңында жүрдік. Нәтижесі үмітімізді ақтайды деп ойлаймыз!», - деп бөлісті түсірілім әсерлерімен Айдар Лескенов.

Шытырман оқиғалы таспаның түсіріліміне 60-тан астам актерлар қатысты.

Еске сала кетсек, хикая сейсенбіден жұмаға дейін сағат 21:30-да көрсетіліп жүр. Жаңа эпизодтарда көрермендерді көптеген басқатырғыштар, өткеннің құпиялары мен қызықты жаңалықтар күтеді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса