È

«Аквамен»: Джейсон Момоа DC әлемін бір ағымда ұстап қалуға тырысып жатыр

«Аквамен»: Джейсон Момоа DC әлемін бір ағымда ұстап қалуға тырысып жатыр

Сан-Диегодағы Comic-Con фестивалінде Warner Bros. студиясы режиссер Джеймс ВанныңҚарғыс», «Астрал») «Аквамен» жаңа комиксінің трейлерін ұсынды. DC әлемін қираудан құтқаратын басты рөлді Джейсон Момоа («Әділдік одағы», «Жабайы») сомдайды. Жаңа комикстің жеңіс немесе жеңіліс әкелетіні уақыттың еншісінде, Ванның өзіне табыс әкелген хоррор жанрынан алыстау дүние түсіру қабілетіне байланысты. Былтырғы «Әділдік одағы» таспасы өзінен кейін көптеген жанкүйерлердің күмәнін тудырған болатын, алайда «Акваменнің» жаңа ролигі осы таспаның DC әлемін бір ағымда ұстап қалуға уәде бермекші.

Аквамен рөлін сомдаған Джейсон Момоа Атлантида су асты патшалығының мұрагері болып келеді және су асты тұрғындары мен Жер бетінде тұратындардың арасындағы шиеленісті шешетін делдал болуға мәжбүр. «Менің әкем шамшырақты қараушы болған. Анам патшайым болды. Жарық – адамдарды біріктіретін мүмкіндік», - дейді Момоа трейлердің басында, ол жақта адам әрі атлант болып табылатын Артур Карридің өмірінен көптеген үзінділер көрсетілген. Момоа кейіпкері өміріндегі ең маңызды оқиғаға баруға дайын екенін көрсетеді. Ол өзінің расында кім екенін түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар Атлантида патшасы болуға қаншалықты лайықты екенін білуі тиіс.

«Аквамен» комиксі 2018 жылдың 20 желтоқсанынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер