È

Әли Оқапов Qarakóz отандық хоррорында дебют жасады

Әли Оқапов Qarakóz отандық хоррорында дебют жасады

Chaplin Megapark кинотеатрында отандық Qarakóz қорқынышты фильмінің тұсауы кесілді. Картина украиндық режиссерлар Роман Сидоренко және Максим Якобчукпен түсірілген. Продюсерлер – Ибрагим Махмутов және Дмитрий Кириенко.

Бір топ достар түнге қыдыруға шығып, алаудың жанында бір-біріне мыстандар мен елестер туралы қорқынышты хикаялар айта бастайды. Алайда, олар өздерінің арасында да зұлымдықтың пайда болғанын сезбейді, ол кек алу періштесі Қаракөз болатын. Олардың бұрынғы күнәләрі үшін жауап беретін кезі келді.

Фильмдегі рөлдерді Бибігүл Ақтан, Дарья Александрова, Әли Оқапов, Владислав Букаткин, Алдияр Байрақымов, Роман Жуков, Райхан Айтқожанова, Салтанат Наурыз, Айдос Рысхан, Азамат Әбділдинов сомдады.

«Сөзсіз, біз ТМД-ның басқа елдеріне және шетелге айналымға шығуды жоспарлап жүрміз. Бірақ, оны кинофестивальдерге жібермейміз. Qarakóz – бұл таза коммерциялық жоба. Қазақстанда комедия көп болғандықтан, соған қарама-қарсы дүние жасауды ұйғардық. Сол кезде хоррор түсіру идеясы келді», - деді продюсер Ибрагим Махмутов.

Бибігүл Ақтан өзіне таңсық жаңа образда көрінді. Ол тылсым жаратылысты сомдады. Актриса өз кейіпкері жайлы айтып берді:

«Маған өз рөлім өте ұнады. Бұл мен үшін жаңа дүние. Түсірілім кезінде көңіл-күйім де сәйкес келді. Әрі қарай да тылсым кейіпкерлерді қуана сомдай беретін едім».

Дебютант Әли Оқапов жобаға алғашында композитор ретінде шақырылған. Кейін, режиссер оны актерлар тобына қосты. Оның айтуынша, әнші қорқынышты фильмдерді көруге қорқады екен, тіпті Qarakóz тұсаукесерінде де ол көзін жұмып отырды.

Нәтижесінде, картинадағы музыканы Әзім Абдуллаев және Steppeone этно-джаз тобы жазды.

Кинотаспа айналымға 1 қарашадан бастап шығады.

 

Көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер