È

Alma pictures инклюзия жайлы «Өзгеге жұмбақ әлемім» хикаясын түсіреді

Alma pictures инклюзия жайлы «Өзгеге жұмбақ әлемім» хикаясын түсіреді

Alma pictures кинокомпаниясы инклюзия (ерекше қажеттілігі бар адамдардың қоғамдық жұмысқа белсене араласуы – ред.) жайлы «Өзгеге жұмбақ әлемім» хикаясының түсіріліміне дайындалуда. Көпбөлімді драма Qazaqstan телеарнасының тапсырысымен түсіріледі.

Сюжетте ерекше қажеттелігі бар балалар. Оқиғаның басты кейіпкерлері – аутикалық спектр бұзылуы бар жасөсіпірім, оны 11 жасар Богдан Сергеев сомдайды. Авторлардың көздеген негізгі мақсаты – ауқымды аудиторияға ерекше балалардың ерекше қарым-қатынас пен қолдауды ғана қажет етенінін емес, сонымен қатар қабілеттерін шыңдауға, білім алуға жағдай жасау керектігін айтқысы келеді.

Сурет Қуаныш Жылжақсыновтың Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды
Сурет Қуаныш Жылжақсыновтың Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды

Картинадағы режиссерлік орынды актер Қуаныш Жылжақсынов иеленеді. Хикаяның қоюшысы болуға оған продюсер Алмагүл Тілеуханова ұсынған, өйткені продюсер жігіттің киноға алғаш қадам басқан кезінен бастап, қолдау білдіріп келеді. Оның «Нархоз» жобасынан Қуаныштың актерлік мансабы басталған еді. Топ түсірілімге осы жазда кіріседі. Картина Алматыда түсіріледі.

Еске салсақ, алдыңғы жолдары Alma pictures көрермендерге «Нархоз», «Nya Nya аға» хикаяларын және «Бойжеткен» толықметражды фильмін ұсынған болатын. Сонымен қатар, компания «Адуынды әйелдің күнделігі» комедиясын өндіріп жатыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер