È

Алматылықтарға қырғызстандық «Саяқбай» фильмі ұсынылды

Алматылықтарға қырғызстандық «Саяқбай» фильмі ұсынылды

«Арман» кинотеатрында қырғызстандық режиссер Эрнест Әбдіжапаровтың «Саяқбай» фильмі көрсетілді. Картинаны алматылықтарға басты рөлдерді сомдаған актерлар Марат Жанталиев пен Тынара Абразаева ұсынды.

«Саяқбай» драмасы «Манас» эпосының әйгілі жыршысы Саяқбай Қаралаевтың өмірі мен шығармашылығын баяндайды. Фильмдегі оқиға жазушы Шыңғыс Айтматовтың манасшылар үйіне барғанынан бастау алған. Сапарының мақсаты – бұл халық жырының не жайлы екендігін ұғынып, түсіну. Ауылда өткізген күндерде жазушы ұлттық батыры Манастың сақтап, жер жүзіне танытқан қырғыз халқының рухани мәдениетіне қанығады.

«Саяқбайдың рөліне үміткерлер көп еді. Эрнест Әбдіжапаров мені бекіткен кезде, халық бұл рөлді менің алып шыға алатыныма сенім білдірмеді. Себебі мен комикс жанрының актері, әзілкеш ретінде танымалмын. Бірақ, білесіз бе, фильмді Саяқбайдың қыздары көрген кезде, көздеріне жас алып, ата-аналарын қайта көргендей күйге түскендерін жеткізді. Бұл жұмысымыздың ең керемет бағасы деп ойлаймын», - деді Саяқбайдың рөлін сомдаған Марат Жанталиев.

Көрсетілімнің құрметті қонағы қоғам қайраткері әрі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов болды. Оның айтуынша, картина мақтауға тұрарлық.

«Аталмыш картина – қырғыз кинематографының жоғары деңгейінің көрсеткіші. Біз бүгін тамашалаған дүние өнерден де артық. Бұл айтылуы тиіс шындық. Актерлік ойын керемет, қызықты кейіпкерлер, тамаша туындылар. Саяқбайдың бүркітіне деген қарым-қатынасын көрсеткені қандай керемет. Өйткені, ол кезінде епті бүркішті болатын», - деп бөлісті әсерлерімен Мұрат Әуезов.

Айта кету керек, Шыңғыс Айтматовты таспада ұлы Эльдар Айтматов сомдады.

«Саяқбайдың» әлемдік тұсаукесері былтырғы жылы 31 тамызда болған Халықаралық Монреаль кинофестивалінде өткен болатын. Ол уақытта таспа «Үздік инновациялы фильм» жүлдесін иеленген.

«Саяқбай» фильмі қазақстандық айналымға 25 сәуірден бастап шығады.

 

Камиля Саитова

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист