Алматыда Дәрежан Өмірбаев студенттермен кездеседі
Киноклубтың көрермендері мен қаытсушылары режиссермен кездесіп, фильм туралы, қазақстандық кино туралы жүзбе-жүз әңгімелесе алады.
«Кардиограмма» фильмінде орысша білмейтін ер баланың өмірі көрсетілген. Белгілі бір жағдайға байланысты бала бір айға санаторийға жатқызылады, оның көршілес палаасындағылар қазақ тілін білмейді, баланы түсінбей дал болады. Фильм бала психологиясы мен оның бейтаныс ортаға үйренісуіне негізделген.
Кадр «Кардиограмма»
Өмірбаевтың бұл жұмысы бірнеше халықаралық байқауларда жүлделерге ие болған: Венецияда өткен ЮНЕСКО сыйлығы, Нантада жүлделі болды, ал сингапурде өткен байқауда Гран-при иеленді. Белгілі режиссер әрі сценаристің қоржынында Қайрат (1991), «Киллер» (1998), "Шұға"(2007), "Студент" (2012) секілді басқа да картиналары бар.
Көрсетілім 6 мамыр күні сағат 19.00-де ҚБТУ ғимаратында өтеді. Ұйымдастырушылар қатысушылардан алдын ала жазылуды, өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуді өтінеді.
Басқа да сұрақтармен клубтың әкімшілігіне, Михаил Акуловқа хабарласуға болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін