È

Алмаз Амандосов «HoochieCoochieMan» атты қара комедиясын түсірді

Алмаз Амандосов «HoochieCoochieMan» атты қара комедиясын түсірді

Нью-Йорк киноакадемиясының студенті, отандық жас режиссер Алмаз Амандосов драма элементтері бар «HoochieCoochieMan» атты қара комедия түсірді. Картинаның продакшны АҚШ-та өтті.

«HoochieCoochieMan» фильмінің идеясы бұрын туындаған еді. Әдемі оқиғаны ойлап табу үшін кез-келген хикаяны өмірден алып, оны драма жанрының заңдарымен үйлестіре білу қажет екенін жақсы білеміз ғой. Басты кейіпкердің прототипі менің біраз достарымның образынан жинақталды. Сценарий жазуға келген кезде, отбасындағы қарым-қатынасқа арналған өзекті тақырыпты қозғап, опасыздық, әйелжандылық туралы фильм түсіруді ұйғардым»,-деп бөлісті Амандосов.

Алмаздың айтуынша, фильм Квентин Тарантино, Эдгар Райт және Уэс Андерсон сынды әйгілі режиссерлардың стилінде түсірілген.

«Менің туындым – көрерменге ұсынылатын айна іспетті, ал оның қаншалықты әдемі екендігін әрқайсысы өзі шешеді. Кино алдымен қызықты әрі әсерлі болуы тиіс. Ал егер ол күнделікті өмірдегі өзекті мәселені қозғаса, көрермен де риза болуы мүмкін»,-дейді режиссер.

Кастинг Лос-Анджелесте болған. Рөлдерге бекітілетін актерлар бірнеше кезеңдерден өтті. Кастингке 300-ден астам адам өтініш білдірген. Картинадағы басты ер азамат рөлін Эрон Коничек, ал әйел рөлін Бразилия актрисасы Габриела Монтейро сомдады. Фильм бірнеше локацияларда, Лос-Анджелестен бастап, шөлейт жерлерге дейін түсірілді.

«Мен ең алдымен өзім көргім келетін фильмдерді түсіремін. Әзілді түсінетін әрі психикасы жақсы адамдарға менің кином ұнайды деп ойлаймын. Дегенмен, өзім әзілге өзгеше қараймын. Сондықтан, бұйырғанын көреміз»,-деп бөлісті Алмаз.

Еске сала кетсек, картина күз мезгілінде жарыққа шығады. Алдымен фильм фестивальдерге қатыспақшы. Режиссер таспаны Қазақстанда көрсетуді жоспарлап отыр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

12 тамыз 2017, 14:37

интересно что из этого получится в итоге

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер