È

Анар Батырхан: «Инстаграмсыз өмір жоқ»

Анар Батырхан: «Инстаграмсыз өмір жоқ»

Қыркүйектің ортасында «Инстаграмшыл қыз» толықметражды фильмінің түсірілімі басталған болатын. Басты рөлдің сомдаған Анар Батырхан жобада өзін тек комедиялық жанрда ғана емес, драмалық тұрғыда да көрсететінін айтты.

«Фильмде өзім орындайтын қиын трюктер мен ауыр сәттер бар. Кейде қалжыңдап: «Анар Батырхан - Джеки Чан» деп айтамын. Барлық сюжет желісін айтпай-ақ қояйын, әзірге құпия бола тұрсын. Менің ойымша, бұл қызықты жоба болатын сияқты»,-деп түсіндірді актриса.

Анардың өзі әлеуметтік желінің, оның ішінде Инстаграмның белсенді қолданушысы болып табылады. Егер әлеуметтік желіге кіруге мүмкіндік болса, қаланың тынымсыз тіршілігін тастап, ауылға көшіп кетуге дайын.

«Шығармашылық адамы бола тұра, тәуелділікті байқаймын. Айтқанымдай, Инстаграмсыз өмір жоқ. Ол жақта өзіңді және жаңалықтарды, жаңа әндер мен жобаларды тегін жарнамалай аласың. Сондықтан, Инстаграмның адам өміріндегі алар орны маңызды деп санаймын»,-дейді Батырхан.

Қазіргі таңда жас актрисаның басты мақсаты - танымал шығармашылық адамы ретінде қалыптасу. Содан кейін, Анар тұрмысқа шығып, ана бақытын сезінгісі келеді. Ол отбасын құрудың басты қадам екенін, сондықтан өмірлік жарды дұрыс таңдау керектігін айта кетті. Адамдар арасында махаббат, сыйластық пен сенім болу қажет.

Еске сала кетсек, фильм тұсаукесері 2018 жылдың көктемінде болады.

 

 

Әсел Базарбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер