È

Анджелина Джоли «Малефисента» сиквелі туралы айтып берді

Анджелина Джоли «Малефисента» сиквелі туралы айтып берді

Анджелина Джоли режиссер ретінде «Олар алдымен менің әкемді өлтірді» атты жаңа жұмысын Теллурайдтағы фестивальде таныстырды.

Журналистер актрисадан Disney-дің атышулы «Малефисента» жобасының сиквелі туралы сұрады. Актриса жұмыстың қызу жүріп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда барлығы сценарий жазумен айналысып жатыр. Оның үстіне, Джоли сиквелдің өте мықты болатынын айта кетті.

Отбасылық мәселелерге қарамастан, Анджелина Джоли кино қайраткері ретінде соңғы уақытта режиссураға көп көңіл бөліп жүр.

Соңғы жеті жылдың ішінде ол «Солт», «Турист», «Малефисента» және «Көкшіл жағалау» сынды 4 фильмге ғана түскен. Сонымен қатар, «Кунг-фу панда» франшизасының дыбыстауына қатысқан болатын.

«Малефисента» картинасы 2014 жылы жарыққа шыққан, ол студияға 758,5 миллион доллар табыс әкелді.

Фильм сюжеті Анджелина Джолидің сомдауындағы зұлым Малефисентаның көзқарасымен Ұйқыдағы арудың классикалық хикаясын баяндайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер