Анджелина Джолидің жаңа жобасының алғашқы трейлері
Фильм лагерьде күнін күнге жалғап өмір сүруге мәжбүр болған камбоджалық қыз Лунг Анг туралы. Сол уақыттарда билікке АҚШ-тың Вьетнаммен соғысынан кейін ел тұрғындарының төрттен бір бөлігін құртқан қызыл кхмерлер келеді.
Фильм сценарийін Джолидің өзі құқық қорғаушылардың біріне айналған Лунг Ангпен бірге жазды. Картина продюсері «Жоғалып кеткен бейнелер» деректі фильмі арқылы танылған камбоджалық кинематографшы Рити Панх болды. Ол Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» бағдарламасының басты жүлдесін иеленген.
Анджелина Джоли фильмді тарихи фактілерге сүйеніп түсірді.
Фильм Камбоджада көрсетіліп қойды.
Картинаның әлемдік тұсаукесері Торонто кинофестивалінде болмақ, ал 15 қыркүйектен бастап Netflix-ке шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін