È

«Angry Birds в кино» 66 миллионов табыс тауып үлгерді

«Angry Birds в кино»  66 миллионов табыс тауып үлгерді

Отандық прокатта «Angry birds» мобильдік ойынының экрандалған анимациясы көш бастады. «Меломан» компаниясының дерегіне сүйенсек, алғашқы тұсаукесерлік аптаның қорытындысы бойынша ашулы құстар 66 801 903 теңге табыс түсірген.

Rovio компаниясы жасап шығарған «Angry birds» анимациялық фильмін Sony Pictures Imageworks студиясы бірлесіп жасады. Мульт-оқиғаның сценраийіне Джон Витти еңбектенді. Мультфильмнің ерекше трегін компазитор Эйтор Перейр жазды. Мұнда британ әншісі Charli XCX, норвегиялық диджей Matoma және кантри-әнші Блейк Шелтонмен жазған 14 трек енді. Төбелес көріністерінде Scorpions, Limp Bizkit және Imagine Dragons хиттары қойылды.

екінші орында Marvel «Первый мститель: Противостояние» Тұсаукесерлік аптада бұл фильм 260 миллионов теңге тапқан болатын, Алайда екінші аптада тек 34 519 248 теңге пайда түсіріп, ашулы құстарды алға оздырды.

Кадр «Angry birds в кино»

Бұл жолы Marvel Кекшілдер тобының күйреуін баяндайды. Қарсы жақты Темір адам мен Капитан Америка басқарады. Кіші Роберта Дауни осымен 7 ретТони Старктің рөлінде.

Үшінші орында ресейлік ремейк «Экипаж». Соңғы демалыстарда ресейлік режиссер Николай Лебедевтің жұмысы шамамен 9 миллионов теңге пайда түсірді. Сюжет апатты жағдайда қалған экипаж мүшелері жайлы.

Disney-ден "Джунгли кітабы" төртінші орынға жайғасты. Киплинг шығармасының кезекті экранизациясы шамамен 3 миллион теңге түсірді. Кәсіби сапалы дубляжды отандық студия Aray Media Group жасады.

Кинопрокат көшбасшыларының бестігін Джузеппе Торнаторенің "Двое во Вселенной" италиялық драмасы қорытындылайды.Тұсаукесерлік аптада картина 350 000 теңге пайда тапты. Студент қыз бен профессордың арасындағы виртуалдық махаббат көрермендерді аса қызықтыра алмаған сияқты.

 

Әйгерім Қасқыр

Аударған Айнұр Сенбаева

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер