È

Әнуар Нұрпейісов «ЭКСПО-2017» ұйымына қатысты өз пікірін білдірді

Әнуар Нұрпейісов «ЭКСПО-2017» ұйымына қатысты өз пікірін білдірді

Отандық актер әрі қоғам қайраткері Әнуар Нұрпейісов Астанадағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне қатысты өз пікірін білдірді. Көрмеге жеке барып, павильондармен танысып қайтқан актер шараның оңы мен солын бейнежолдау арқылы баяндап берді.

Әнуар Нұрпейісов шараның ашылуынан да кемшілік тапты. Ол ұйымдастырушылардың сансыз көп отшашуды пайдаланғандарын сынады.

«Маған мерекелік отшашуды оңды-солды бейберекет пайдаланғандары ұнамады. Бір ғана сұрақ – неге? Алдыңғы қатарлы 17 мемлекетті осылай таң қалдырмақпыз ба? Көрменің қандай мақсатпен ұйымдастырылғанын ұмытпау керек еді: жасыл энергетика, энергияның қайта қалпына келтірілетін көздері, жер экожүйесін сақтауға қатысты талап-тілектер - осының барлығы 11 минуттың ішінде жоқ болды ғой. Отшашудан кейін аспанда 20 минут бойы түтін тұрды. Осыдан кейін қандай экология жайында сөз қозғауға болады?»,-деп ұйымдастырушыларға тікелей наразылығын білдірді актер.

Нұрпейісов кемшіліктердің арасына көрме аумағында навигатордың және pos төлем терминалдарының жоқтығын, тамақтану нүктелерінің аздығын, азық-түлік пен жатын орындардың қымбаттығын жатқызды. Әнуар Нұрпейісов басшылықтың да, қоғамның да халықаралық көрменің негізгі функциясын дұрыс түсінбегендігін үлкен кемшілік деп санады.

«Менің ойымша, ұйымдастырушылар мен маркетологтар көрмені таныстыруға дұрыс кіріспеген сыңайлы. Көпшілігі «ЭКСПО-ны» ойын-сауық орталығы секілді көреді. Негізі – энергетика саласындағы жаңашыл технологияларды таныстыру ғой. Жалпы, менің жеке пікірім, біздің еліміз мұндай үлкен көлемді шараны ұйымдастыруға моральды тұрғыдан да, техникалық жағынан да әлі толық дайын емес»,-деген болатын актер бейнежолдауында.

Ал көрменің артықшылығына актер ұлттық павильонның ғимаратын жатқызды. Ғимарат тіпті, тәжірибелі қонақтың өзін таң қалдырады. Сонымен қатар, Әнуар еріктілердің жұмысын жақсы бағалады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер