È

«Қазақтелеком» АҚ және ivi серіктес атанды

«Қазақтелеком» АҚ және ivi серіктес атанды

Жақында «Қазақтелеком» АҚ, Ресейлік заңды бейнеконтенттің ірі қызметі ivi және «Болашақ» корпоративті қоры серіктестік орнатты. Серіктестік келісім-шартқа сәйкес, «Қазақтелеком» абоненттері артық күш салмай-ақ, қазақ тіліне дубляждалған голливуд фильмдерін енді ivi онлайн-кинотеатрынан көре алады.

«Қазіргі таңда бізде Қазақстанда айына 2 миллионнан астам пайдаланушы бар, олар 3 миллионнан астам сағат бойы бейнежазбалар тамашалайды. Бұл салмақты сандар. Сондықтан, «Болашақ» қорының «Қазақтелекомымен» серіктестік орнату біз үшін өте маңызды, ол бізге қазақ тіліне сапалы түрде дубляждалған кинотаспаларды орналастыруға мүмкіндік берді. Осылайша, біздің қызметіміз заңды контент көрсететін болды», - деп түсіндірді ТМД елдерінде ivi дамыту бағытының жетекшісі Иван Кузин.

Динара Чайжүнісова
Динара Чайжүнісова

«Болашақ» корпоративті қоры 7 жыл бойы кәсіби түрде шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждап жүр. Осы жылдар ішінде олар 27 голливуд картинасын аударған.

Қор директоры Динара Чайжүнісова байқағандай, қызметтің басты ерекшелігінің бірі - отандастарымыз енді әлемдік кинематограф шедеврлерін ана тілінде көре алады.

«Бүгінде дәстүрлі телехабар тарату нарығындағы өзгерістерді бақылап жүрміз, телекөрсетілімдердің жаңа форматтары пайда болуда. Себебі, қазіргі ұрпақ телеөнімді айналып өтіп, көбінесе түрлі онлайн-қызметтерге жүгініп жатады. Байланыстың ірі операторының бірі болғандықтан, бұл жағдайды және абоненттеріміздің қалауын назардан тыс қалдыра алмадық. Біз клиенттеріміз үшін әрдайым тиімді жағдай жасауға тырысамыз. Сондықтан, жазылу мен онлайн-кинотеатр төлемін барынша жеңілдеттік», - деді «Қазақтелеком» АҚ жеке кәсібі дивизионының бас директоры Каспарс Кукелис.

Каспарс Кукелис
Каспарс Кукелис

«Қазақтелеком» абоненттері үшін төлем тікелей жеке шоты арқылы жасалады. Одан бөлек, пайдаланушылар үшін эксклюзивті бағалар, бөліп төлеу қызметі бар және 1 ай көлемінде сынамалы тегін уақыт беріледі.

Айта кету керек, ivi Қазақстан аумағында өндірілетін фильмдер каталогын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бүгінде қызмет әлемнің 185 елінде бар, ал кітапханасында 60 мың дана лицензиялы өнімі бар деп есептеледі.

Превью: "Болашақ" КҚ

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер