È

Апта тұсаукесері: Түсіну және кешіру

Апта тұсаукесері: Түсіну және кешіру

Міне, тағы да отандық киноөндірушілер кезекті романтикалық комедиямен қуантты. Сәуір бойы үйлену тойы тақырыбындағы фильмдер толастар емес. Осылай болғаны да жақсы, өйткені көктем келді емес пе, құстар ән салып, бәріміз махаббатты, жақсы кино мен тамаша көңіл-күйді қалаймыз.


«Super Той»

Қазақстандық тұсаукесер: 21.14.2016

Елі: Қазақстан, 2016-04-19

Рөлдерде: Динара Бақтыбаева, Элина Шакеева, Қуаныш Жылжақсынов, Азамат Әбділдинов, Меруерт Добрынина.

Жанр: романтикалық комедия

Жастық шектеу: 14 жасқа дейін

Бір-біріне ғашық Сәуле мен Дамир бірге жұмыс істейді. Бір күні Сәуле өзінің жүкті екенін біледі. Бұл жаңалықты Дамирге айтып, олар дереу той жасауды ұйғарады. Тойға дайындық өте қобалжытатын процес, әсіресе бұған достарың араласса. Болашақ жұбайларды небері тосынсыйлар күтіп тұр, осы жайттар салтанатты тойды тек жастардың ғанан емес, барлық қонақтардың есінде қаларлықтай етеді.

Басты рөлді ойнаған актриса Эллина Шакеева үшін «Super Той» алғашқы толықметражды фильмі. Бұған дейін ол Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» атты толықметражды картинасында қосымша рөлді ойнаған болатын.

 

«Экипаж»

Қазақстандық тұсаукесер: 21.14.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Николай Лебедев

Рөлдерде: Данила Козловский, Владимир Машков, Агне Грудите, Катерина Шпица, Сергей Газаров, Елена Яковлева, Сергей Шакуров, Вера Иванова

Жастық шектеу: 12 жасқа дейін

Жас әрі дарынды ұшқыш Алексей Гущин бұйрыққа бағынбаған беделділерді жақтырмайды, оларды әскери қызметтен шеттетеді. Азаматтық авиацияда қызмет ету үшін барын салып, жұмыс істеуге мүмкіндік алған Гущин командир Леонид Зинченкомен және екінші ұшқыш Александромен экипаждың бөлшегіне айналады. Алайда топ мүшелерінің арасындағы қарым-қатынса аса жақсы емес. Өмір мен өлімнің ортасында қалған кезде Гущин өзінің бар қабілетін көрсетеді, бірақ ұшақты және ондағы жолаушыларды барлық экипазж мүшелерімен бірлесіп құтқарады.

 

«По небу босиком»

Қазақстандық тұсаукесер: 21.04.2016

Елі: Ресей, 2015

Режиссер: Сұлтан Хажироко

Рөлдерде: Алан Кокаев, Милана Карагулова, Тамби Масаев, Султан Хажироко, Валентин Камергоев, Роза Байзулаева, Фатима Мамаева, Юсуп Омаров, Сати Казанова, Ефрем Амирамов

Жанр: мелодрама, комедия

Жастық шектеу: 16 жасқа дейін

Фильмнің сюжеті адам тағдырын алдын ала болжау мүмкін емес екені жайлы. Жақын адамдар бір сәтте бір-біріне жат болып шыға келуі мүмкін, ал махаббат қайғыға душар етуі де ғажап емес. Мұндай тағдырдың ойыны – адам өиірінің ажырамас бөлшегі. Сонау көкте белгілі бір ережелер мен барлығына түсінік беретін жандардың болуы да мүмкін ғой.

 

«Ағайындылар»

Қазақстандық тұсаукесер: 21.04.2016

Елі: Моңғолия, 2015

Режиссер: Тамир Батолзий

Рөлдерде: Ж.Алтаншагай, М.Баярбат, .Алдар, Ц.Тэмурхояаг, Ц.Тэмурбатор, Б.Хулан, Б.Барслхагва, М.Наранмунх

Жанр: экшн, драма

Жастық шектеу: 14 жасқа дейін

Ұлан-Батырда екі билік жүргізушінің арасында қақтығыс болады. Бірақ сол бұзақылар тобының басшылары ағаынды жігіттер болып шығады. Олар кішкене кезерінде қайғылы жағдайда екі жаққа айырылып кеткен. Екеуі екі жақта 20 жыл бөлек жүріп өмірдің қатігездігі мен әділетсіздігін танып біледі. Оларға қиындықтарды жеңіп, бір-біріне деген өкпені ұмытып, кешіруі керек болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист