È

Апта тұсаукесерлері: Қарсы тұру мүмкін бе?

Апта тұсаукесерлері: Қарсы тұру мүмкін бе?

Marvel табынушылары үшін жақсы жаңалық: супер кейіпкерлерлер туралы жаңа оқиғалар шығады. Басқа да көрермендер зеріге қоймайды, небір қызықты жаңа киноленталар күтіп тұр.

 

«Бірінші кек алушы. Қарсы тұру»

Қазақстандық тұсаукесер: 05.05. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Энтони Руссо, Джо Руссо

Рөлдерде: Крис Эванс, Скарлетт Йоханссон, Элизабет Олсен, Пол Радд, Том Холланд, Роберт Дауни (кіші),Эмили ВанКэмп, Мартин Фриман, Мариса Томей, Себастьян Стэн

Жанр: фантастика, триллер, боевик

Жасқа қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Супер кейіпкерлердің өмірі өзгеретін уақыт жақындады. Талқан еткен жағдай байқалмай қалмады, Капитан Америка мен Кек алғыштарға бақылау күшейтілді. Енді Үкімет басындағылар «Супер кейіпкерлерді тіркеу актісі» арқылы ерекше күшке, қабілетке ие батырлардың әрекетін бақылауда ұстауды ұйғарады. Оларды мемлекет басшылары үшін қызмет етуге мәжбүрлейді. Бұл тәуекелдің соңы неге әкеледі?

 

«Қыс әуені»

Қазақстандық тұсаукесер: 05.05. 2016

Елі: Франция, 2016

Режиссер: Отар Иоселиани

Рөлдерде: Рюфюс, Амиран Амиранашвили, Пьер Этекс, Матиас Юнг, Матьё Амальрик, Энрико Гецци, Катя Рупе

Жанр: драма, комедия

Жасқа қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Бассыз виконт, денелеріне татуировка салынған әскери каппелан, тонаушылар, зорлаушлар, боялған сарбаздар. Осылардың бәрін біріктіретін не? Олардың өмірі бір ғимаратта тоғысады. Мұнда хаостан басқа ештеңе жоқ көрінгенімен, шындығында мұнда махаббатқа да, дсотық пен арманға да орын табылады.

 

«Рэтчет және Кланк: Галактикалық рейнджерлер»

Қазақстандық тұсаукесер: 05.05. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Кевин Манро, Джерика Клилэнд

Рөлдерде: Джеймс Арнольд Тейлор, Дэвид Кэй, Джим Уорд, Розарио Доусон, Пол Джаматти, Джон Гудман, Марк Грайе, Алессандро Джулиани, Дин Редман, Армин Шимерман

Жанр: мультфильм, фантастика, атыс-шабыс, комедия, шытырман оқиға

Ловкач Рэтчет Галактикалық ғарыштық рейнджер болуды бұрыннан армандайды. Бірақ өзімшіл Капитан Кварк оны командаға алғысы келмейді. Қатегігез Дрек өзінің арам ойын жүзеге асырғысы келеді, ол рейнджерлер мен Күн жүйесін құртып, орнына басқа ғаламшар жасамақшы. Галактиканы құтқару Рэтчеттің қолында, оған көмекке адал досы робот Кланк келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер