Ардақ Әмірқұлов «Үнсіздік» кинокартинасын түсірді
Қазақстандық режиссер Ардақ Әмірқұлов «Үнсіздік» көркем фильмінің түсірілімін аяқтады. Кинотаспа егде тартқан әйелді туған өлкесіне апаратын жасөспірім туралы баяндайды. Кейіпкерлер бөгде адамдарсыз тыныштықта қалады, ал олардың үнсіздікке толы саяхаты өткен өмірді саралауға бағытталады.
Сценарий авторларының бірі Әсия Байғожина vosmerka.kz үшін берген материалында фильм туралы айтып кетті: «Үнсіздік» («В безмолвии», «In silence») – әрқайсымыз өзімізге қоятын «біз кімбіз, бұл өмірге не үшін келдік» сынды сауалдарға, мазмұнды дүниелерге арналған туынды. Ол сондай-ақ, картинаны аз қаржыға, бір камераға, ешқандай компьютерлік графика мен арнайы эффектілерді қолданбай-ақ түсіргенін айтты.
«Үнсіздік» фильмінен көрініс
Сценарийімен Ардақ Әмірқұлов пен Даур Досыбиев айналысты. Сонымен қатар, кинокартинаны түсіруге қоюшы-оператор Александр Рубанов және қоюшы-суретші Өмірзақ Шманов атсалысты.
Негізгі кейіпкерлерді Руслан Әмірқұлов, Айсұлу Әзімбаева, Айнұр Рақымжанова, Нұрзат Тимур және Дара Мұхан сомдады.
«Үнсіздік» фильмі «Қазақфильм» және «Ardfilm» киностудияларының негізінде түсірілген.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін