È

Арыстан Мұхамедиұы «28 панфиловцев» фильмін ерекше жоба деп атады

Арыстан Мұхамедиұы «28 панфиловцев» фильмін ерекше жоба деп атады

Алматыда « РФ Мәдениет минстрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірігіп түсірген «28 панфиловшылар» тарихи фильмінің тұсаукесері өтті. Алғашқы көрсетілімге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, картина режиссеры Андрей Шальопа және Ким Дружинин, оператор Никита Рождественский, сондай-ақ Панфиловтың немерелері - Айгүл және Алуа Байқадамовалар қатысты.

«Бұл жобалардың жүзеге асырылуының өзі ерек. Бол халықтың қаржысына түсірілді. Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединскийгебіздің отандастырымыздың ерлігіне құрметпен қарағаны үшін алғыс білдіремін және режиссер Андрей Шальопқа да рахметімізді айтамыз, ол тарихты жақсы көретін, өте принципшіл адам», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Режиссер Андрей Шальоптың айтуынша, сценарий 2009 жылы жазылған, ал фильмнің түсіріліміне 2014 жылы кіріскен.

«Түсірілімді бастамас бұрын 1000 кадр әзірленді, яғни әрбір кадрдың суреті қолмен салынды. түсірілім алаңына келгенде қандай кадр түсіретінімізді алдын ала біліп тұратынбыз. Импровизация туралы сөз болған жоқ. Панфиловшылардың ерлігі мәңгілік ерлік болып қалады», - дп түсіндірді Андрей Шальопа.

Фильмде ресейлік және қазақстандық актерлер ойнады: Александр Устюгов, Азамат Нигманов, Олег Федоров, Антон Кузнецов, Азиз Бейшеналиев, Асқар Тлеубағылов және басқалар.

«Мен өзім Солтүстік Қазақстанда өстім, сондықтан панфиловшылардың тарихы маған өте жақын. Мен кеңес Одағының басқа жерлерінде тарихтың қалай жеткізілгенін білмеймін, бірақ панфиловшылардың ерлігіне ерекше назар аударылатын. Біз әр панфиловшының аты-жөніне дейін білетінбіз. Маған осы фильмге ұсыныс жасалғанда, әрине, бірден келістім», - дейді актер Александр Устюгов.

«28 панфиловшылар» фильмінің жалпы бюджеті 150 миллион рубль,оның 34,7 миллионы краудфандинг әдісі арқылы жиналды. Ақшаның қалған бөлігін Қазақстан мен Ресей елдерінің министрліктері жинады.

«28 панфиловшылар» 24 қарашадан бастап прокатқа шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер