È

Әсел Сәдуақасова «Класстастар» фильмінің түсіріліміне кірісті

Әсел Сәдуақасова «Класстастар» фильмінің түсіріліміне кірісті

Әсел Сәдуақасова 2018 жылды жаңа жобамен бастады. Продюсер «Класстастар» уақытша атауы бар комедияның түсіріліміне кірісті, ол алғаш рет режиссер Ернар Нұрғалиевпен («Аға ма әлде неке ме») жұмыс істеуде.

«Класстастар» - мектеп бітірген соң, 15 жылдан кейін кездесу ұйымдастырған сыныптастар туралы баяндайтын комедиялық картина. Кейіпкерлер жинала отырып, өмірлеріндегі қызықты естеліктерімен бөліседі.

Әсел Сәдуақасованың айтуынша, көрермендерді күлкілі хикаялар күтіп тұр.

Түсірілімнен Рая Адығанова, Олжас Абай, Дәурен Айдарқұлов және Әсел Қалиева сынды актерларды байқауға болады.

Картина Алматыда түсіріліп жатыр. Қоюшы-оператор ретінде Мексикадан арнайы маман - Алехандро Чавес («Батыр», «Сиситай») шақырылды.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:30

Она молодец.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер