È

Асқар Бисембин: «Ғылыми фантастика түсірген соң, кәсібімнен кетемін»

Асқар Бисембин: «Ғылыми фантастика түсірген соң, кәсібімнен кетемін»

Режиссер әрі сценарист Асқар Бисембин өзінің жеке ғылыми фантастикасын түсіруді армандайтынын жасырмады. Бірақ, бұл арманды орындамас бұрын, кинематографшы бірнеше қорқынышты фильм мен триллер түсіруді жоспарлап жүр. Кәсіби мақсаттары мен алдағы жобалары жайлы Асқар Tengrinews-тің «TheЭфир» бағдарламасында айтып берді.

«Мен ғылыми фантастика түсіргім келеді. Ол менің армандарымның ең биігінде тұр. Бұл менің бағындырғым келетін шың. Ғылыми фантастика түсіремін де, кәсібімнен, тіпті өмірден кетемін. Қазіргі таңда маған табысты фильмнің бейімдеуін ұсынды. Бұл комедия емес. Одан кейін, бірнеше хоррор мен қызықты тақырыптағы бір триллер және тылсым хикая түсірсем деймін», - деді Асқар Бисембин.

Ол сондай-ақ, бір уақытта сценарий авторы мен қоюшы-режиссер болудың қиындығын айта кетті. Сондықтан, биылғы жылы режиссерлік салада үзіліс алуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, оның соңғы уақытта жарыққа шығарған фильмі 5 сәуірден бастап көрсетілген «Әйел кедергі емес» комедиясы болатын.

«Екі жарым жыл ішінде 6 фильмді жарыққа шығардым. Бұл өте көп. Әлемдік тәжірибедегі сапа жағынан қарасақ, бұл нашар логика, егер мен фильм түсірсем, ол біреу болуы тиіс. Ол жыл соңына қарай шығатын шығар. Режиссер ретінде көрерменге әзірге айтарым жоқ. Ал сценарист ретінде жұмыс істеп көру мен үшін қызық», - деп бөлісті жоспарларымен кинематографшы.

Қазіргі таңда Бисембин Әсел Сәдуақасованың жобасына сценарий жазу үстінде, ол картинаның режиссері Асқар Ұзабаев болмақ.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Marzhan KasAkosh

27 апреля 2018, 21:16

читать даже интересно. с вашим подходом вы могли бы исторический фильм сделать. Не с масштабными "полями", а о сyдьбе отдельной yникальной личности. Вы бы расширили список титульных имен Отечества. Ведь крайне редко возникают ситуации, в которых человек может так ярко проявить все имеющиеся на определенный момент времени личностные качества. y нас есть материал для сценария.

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер