È

Асқар Бисембин ашық кастинг жариялады

Асқар Бисембин ашық кастинг жариялады

Режиссер, продюсер әрі сценарист Асқар Бисембин ашық кастингтің басталғанын хабарлады. Кинематографшы алдағы жобаларына жаңа бейнелерді іздеуде және барлығын қатысуға шақырды: жасы, жынысы, кәсіби білімінің болуы және түсірілімдегі тәжірибесі маңызды емес.

Өздерінің актерлік қабілетін көрсеткісі келетіндер бірнеше қадамнан өтуі керек. Біріншісі – өздерін таныстырып, тұратын қаласын, жасын айта келе, 1 минуттан аспайтын кез-келген монолог (өлең, қазақ немесе орыс тілдеріндегі фильмдерден үзінді) оқып тұрған бейнежазба түсіру. Екіншісі – өздерінің екі суретін: ірі пландағы және бойымен түскен суретін таңдап алу. Үшіншісі – бейнежазба мен суретті bissembin.film@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіп, қорытындысын күту.

Үздік бейнероликтер Bissembin Film YouTube-арнасына қойылады, сол жақта дауыс беріліп, пікірлер жазылады. Дегенмен, қорытынды шешімді беделді қазылар алқасы шешеді, олар Асқар Бисембинмен («Әйел кедергі емес», «Наурыз. kz», «30-да күйеуге шығу») өтетін кастингке жіберетін адамдарды таңдайды.

Нәтижесі ара-тұра Bissembin Film YouTube-арнасына шығып тұрады.

Кастинг 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Ұйымдастырушылар қатысушылар материалдарды жібере отырып, оларды қайтарып алмай, мерзімсіз және шартсыз түрде пайдалануға, жариялауға, көшіруге және таратуға келісім беретіндерін де айта кетті.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса